Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет45/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
 
 
«Сондай-ақ залым болғандар жайында маған сөз айтпа. 
Өйткені олар суға батуға тиіс»
дегені, олар үшін дұға қылма, 
оларды кешіруімді, оларға уақыт беруімді сұрама, Аллаһ оларға 
үкім шығарып қойды деген мағынаны білдіреді.
Сонда қауымы Нұхтың дағуатты тастап, кеме жасаумен 
айналыса бастағанына таңданып, оны әжуалай бастады. Олар:
«Ей, Нұх! Пайғамбарлықты тастап, ағаш ұстасы боп кеткенсің 
бе?» – деп мысқылдады. «Ей, Нұх! Құрлықта кеме жасамақсың 
ба?» – деп тәлкек етті. Аллаһ тағала бізге Құранда олардың бұл 
қылығын: 
«Кемені жасап жатқанда, елінің бастықсымақтары 
жанынан өткен сайын оны тәлкек қылды. 
(Нұх)
оларға: 
«Егер сендер бізді тәлкек қылсаңдар, біз де сендерді, бізді 
тәлкек қылғандарыңдай тәлкек етеміз. Әлі-ақ білесіңдер: 
қорлайтын азап кімге келер екен, тұрақты азап кімнің 
басына түседі екен?» – деді»
1
, – деп баян еткен. 
Кеменің сипаты туралы Абдуллаһ ибн Аббас (Аллаһ әкесі 
екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте: 
«
(Кеменің)
 ұзындығы 
үш жүз кез, ені елу кез, ал биіктігі отыз кез болды. Төбесі жабық 
еді және оның бір-бірінің астында 
(орналасқан)
 үш есігі болды»

– делінген.
Демек, ол төбесі ашық, қарапайым ғана кеме емес, төбеден 
жауған нөсер жаңбыр ішіне құйылып батырып жібермеуі үшін 
асты-үстінен жабылған, су асты кемесі тәрізді әрі үш қабатты, 
алып кеме болған. Оның әр қабатында бір қатардың бойында 
орналасқан жеке есіктері бар.
Бұл кеме қазіргі таңға дейін сақталған. Оның бұзылмай 
сақталатындығы жайында Құранда:
«Әрі оны аят-белгі етіп қалдырдық. Енді ескерту алушы 
бар ма?»
2
– делінген. 
1
«Һуд» сүресі, 38-39 аяттар. 
2
«Қамар» сүресі, 15-аят. 


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет