Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет41/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
«Раббым! Расында, олар маған қарсы келіп, мал-дүниесі 
мен балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған 
біреулерге ілесті. Олар зор айлакерліктер істеді және олар: 
«Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және 
Нәсірді әсте тастамаңдар», – деседі. Расында, олар көпшілікті 
адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана 
арттыр»
1
, – деп дұға қылды. 
Әлгі патша Нұхтың ізбасарларының қатарынан бір нәрсені 
байқады. Олардың барлығы әлсіздер, кедей-кепшіктер еді. 
Сөйтіп, патша бір айла ойлап тапты. Ол Нұхқа: «Біз саған 
адамдармен сөйлесуіңе, оларды дағуат етуіңе рұқсат береміз. 
Мүмкін, біз де саған иман келтіретін шығармыз. Бірақ біз сенімен 
бірге отырып, сөйлесіп, сенің шақыруыңды қабылдауымыздан 
бұрын бір шарт қоямыз. Сен анау кедей-кепшіктерді қуып жібер. 
Олар – бейшаралар, ал біз – беделді адамдармыз, олармен бірге 
отырмаймыз. Біздің ел арасында атақ-абыройымыз бар. Ал олар 
болса, қауымның ең төменгі өкілдері. Егер біздің саған құлақ 
салып ілесуімізді қаласаң, олардан аулақ жүр. Болмаса, біз 
сенімен бірге бола алмаймыз», – деді. Олардың қойған шарттары 
мен Нұхтың оларға қайтарған жауабы Құранда төмендегіше 
баяндалады:
«Қауымының қарсы болған бастықтары: «Шынында, біз 
сені өзіміз тәрізді адам ретінде көреміз және саған тар 
көзқарастағы 
шетқағарларымыздан 
басқаның ергенін 
көрмейміз. 
Сондай-ақ 
сендердің 
бізден 
бір 
артықшылықтарыңды да көрмейміз. Керек болса, сендерді 
өтірікші деп ойлаймыз», – деді. 
(Нұх)
: «Ей, елім! Көрдіңдер 
ме? Мен Раббымнан анық бір дәлелде болсам және Ол Өз 
қасынан маған бір мейірім көрсетсе, ал ол сендерге көрінбесе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет