50
сұрамаймын. Алар ақым – Аллаһта ғана. Ал мен иман
келтіргендерді қумаймын. Өйткені олар – Раббыларына
жолығушылар. Бірақ мен сендерді надандық істеп тұрған
қауым ретінде көремін. Ей, елім! Егер мен оларды қусам,
мені Аллаһтан кім қорғайды? Түсінбейсіңдер ме?! Сендерге:
«Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін, мен ғайыпты
да білмеймін. Мен бір періштемін демеймін және көздеріңе
ілмейтіндерге: «Аллаһ сендерге жақсылық қылмайды», – деп
те айтпаймын. Аллаһ олардың көкейлеріндегіні жақсы біледі.
Онда
(егер оларды қусам)
, мен залымдардан боламын», – деді.
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен жанжалдасып, талас-тартысты
көбейтіп жібердің. Шын айтқан болсаң, енді бізге бопсалаған
нәрсеңді келтір», – деді.
(Нұх)
: «Егер қаласа, оны сендерге
Аллаһ қана келтіреді. Сендердің
(одан бас сауғалауға)
әлдерің
келмейді. Егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, сендерге
насихат айтуды қаласам да, насихатым сендерге пайда
бермейді. Ол – Раббыларың, сендер Оған қайтарыласыңдар»,
– деді»
1
.
Сонымен, Нұх пен қауымының ортасында қарама-қайшылық
туындады. Аллаһ тағала:
«
(Мұхаммед!)
Оларға Нұхтың хабарын оқы. Ол
қауымына: «Ей, елім! Араларыңда тұруым, Аллаһтың
аяттарын үгіттеуім сендерге ауыр келген болса, онда өздерің
және серіктерің ойларыңа алған іске бекініңдер, ал мен
Аллаһқа тәуекел еттім. Сосын істерің өздеріңе мұң болмасын.
Достарыңызбен бөлісу: