Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет39/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин
 
 
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Нұхтың қауымында болған пұттар кейіннен арабтарға 
өтті»
, – деп айтқан.
Аллаһқа серік қосу көбейіп, адамдар ширкке бой ұрды. 
Сонымен, құлпытастарға сыйыну кезеңі басталды. 
Нұхтың дағуаты 
Толық аты-жөні – Нұх ибн Ламит ибн Матушалих ибн Идрис. 
Идрис – оның бабасы. Ол кездегі адамдардың өмір жасы ұзақ 
болатын. Сол сияқты Нұх та мың жылдан астам уақыт өмір сүрді. 
Оның уақытында, жоғарыда айтқанымыздай, адамдар арасында 
күпірлік пен ширк көбейді, адамдар пұттарға табынды. Адам 
заманында негізгі сенім таухид болса, Нұхтың елші ретінде 
жіберілу қарсаңында қауымындағы негізгі сенім дәрежесіне ширк 
шыққан-ды. Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«Адам мен Нұхтың 
арасы – барлығы Ислам болған он ғасыр»
, – деген
1

Демек, адамдар Адамнан кейін мың жыл таухидте өмір сүрді. 
Сосын шайтан азғырып, олар пұттарға табына бастады. Иман, 
таухид және жалғыз Аллаһқа ғибадат ету жойылып, пұттар 
құлшылық-ғибадаттың негізіне айналды. Сонда Нұх келді және 
ол Аллаһ жолына шақыруда өте үлкен күш-қайрат жұмсады.
Аллаһ тағала: 
«Расында, Нұхты еліне: «Қауымыңды 
күйзелтуші азап келуден бұрын ескерт», – деп жібердік»
2
, – 
деп айтқан.
Нұх қауымына күтіп тұрған азапты ескертіп: 
«Ей, қауымым, 
шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін, Аллаһқа 
құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар және маған 
бағыныңдар. Ол күнәларыңды кешіріп және сендерді 
1
Хадисті әл-Бұхари жеткізген. 
2
«Нұх» сүресі, 1-аят. 


48
 
 
белгіленген бір мерзімге дейін қалдырады. Егер білген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет