Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу


БҚББ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі



бет9/18
Дата23.04.2020
өлшемі0,5 Mb.
#64320
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
ДОТ МОН РК ПРИКАЗ 123 каз - 01.04.2020 ж

2. БҚББ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
6. Білім беру процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, білім беру бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

7. БҚББ ұйымдары телекоммуникациялық құралдарды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқытуды шеттетілген режимде қашықтықтан жүргізеді.

Қажет болған жағдайда білім беру процесінің кестесіне, білім беру бағдарламаларының мазмұнына оқытуды икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.

8. Оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларына қолжетімді электрондық платформаларға және басқа да электрондық көздерге (видео-сабақтар, телевизиялық- сабақтары, жеке жұмыс, электронды журнал, курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар) кіруге мүмкіндік беріледі.

Google платформасы арнайы бағдарламалық жасақтаманы сатып алу және қызмет көрсету шығындарын талап етпейтін, қолданбаларға кіру веб-браузер терезесі арқылы алуға болады. Білім алушылармен педагогикалық қарым-қатынас жүйе бойынша құрылады: теория – тәжірибе – жеке білім беру бағыты бойынша жұмыс – баға.

Google Docs – бұл құжаттарды автоматты түрде сақтайтын, кестелер, презентациялар, фото және бейне материалдарды жасауға және өңдеуге болатын тегін қызмет, онда педагог өз тапсырмаларын, тестілерін және білім алушылар орындалған тапсырмаларын орналастырады, Google Docs өзі тексеріп, талдау жұмысын жасайды.

Яндекс.диск – бұл Яндекс серверлерінде файлдарды сақтауға, интернетке қосылған кез келген құрылғыдан дискідегі файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қызмет. Яндекс браузердің disk.yandex.ru адрестік жолында логин мен пароль енгізіледі. Яндекс.Диск платформасында құжаттарды, кестелерді және презентацияларды жасауға және өңдеуге болады.

Жоғарыда аталған бағдарламалар БҚББ ұйымдарының басшыларына қашықтықтан білім беру процесін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет