3. ЖЖООКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне
қатысушылардың қызметі
13. ЖЖООКБ ұйымының басшысы:
телекоммуникациялық құралдарды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардықолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды;
оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
ОПҚ-мен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланысты жүзеге асырады;
ұйымның педагогтерінің және басқа қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады;
жұмыс сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдайды;
Интернет және қашықтықтан технологиялар негізінде білім беру процесін жүзеге асыруға жауапты болады.
14. Бірінші проректорлар және академиялық мәселелер жөніндегі проректорлар:
білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне бағытталған іс- шараларды әзірлеуді ұйымдастырады;
оқу материалдарын, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендерді, электрондық білім беру ресурстарын (силлабус, дәрістер материалдары, семинарлар, тапсырмалар) қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
ЖЖООКБ ұйымының интернет-ресурстарында орналастырылатын сабақ кестесін, оқыту графигін жасайды;
оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларына (педагогтерге, білім алушыларға және өзге де қызметкерлерге) жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабарлауды жүзеге асырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады;
оқу-тәрбие процесін және білімді ағымдағы бақылау мен қорытынды аттестаттаудың өзге де нысандарын өткізу барысын бақылайды;
педагогтердің оқу жүктемесін орындау бойынша жұмысты үйлестіреді;
білім беру ұйымының қызметін талдайды.
15. Декандар және кафедра меңгерушілері:
қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, ОПҚ оқу процесін әдістемелік сүйемелдеу материалдарын әзірлеуді және орналастыруды қамтамасыз етеді;
қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқу процесін жүзеге асырудың тұрақты мониторингін қамтамасыз етеді;
ОПҚ жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (оқытушының қалауы бойынша дәрістер, бейне-дәрістер, телевизиялық дәріс, дербес жұмыс, электрондық журнал, курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, және басқа қажетті құралдар) және білім беру технологияларын қолданады;
қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы студенттердің жұмыстарын уақтылы тексеруді және баға қоюды қамтамасыз етеді.
16. Кураторлар мен Офис-тіркеушілер:
қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, студенттерді пәндерге тіркеуді/қайта тіркеуді қамтамасыз етеді (қажет болған жағдайда);
ОПҚ және студенттерді ҚБТ ақпараттық жүйелеріне қол жетімділіктің болуын қамтамасыз етеді;
жүргізілген жұмыс туралы әкімшілікті хабардар етеді.
17. Білім алушылар:
педагогтермен күнделікті байланыста болады;
қолжетімді байланыс құралдары арқылы сабақ кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
күн сайын жеке кабинетіне (бар болса), электронды поштаға және өз бетінше зерделеу үшін оқу материалын алу үшін басқа да байланыс жүйелері мен технологияларын қолданады;
күн сайын білім беру ұйымы белгілеген қолжетімді байланыс құралдары арқылы тапсырмаларды өз бетінше орындайды;
күн сайын педагогтердің талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды ұсынады;
академиялық адалдық қағидаларын сақтайды;
қолжетімді электрондық ресурстарды пайдаланады.
-
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «___» _______
№ ___ бұйрығына 3-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |