2. ЖЖООКБ ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
6. Оқу процесін ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне және графигіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. ЖЖООКБ ұйымы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқытуды жүргізеді, МЖБС, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес оқу бағдарламаларын іске асырады.
Қажет болған жағдайда оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнына оқу процесін жетілдіру және оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.
8. Оқу процесін ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларына онлайн сабақтар өткізетін электрондық платформаларға және басқа да электрондық дереккөздерге (дәрістер, бейне-дәрістер, телевизиялық дәріс, дербес жұмыс, электрондық журнал, курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, және басқа қажетті құралдар) мүмкіндік беріледі.
9. Кәсіби және педагогикалық практикадан өту неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады. Өндірістік практика бітіруші топтарды қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып жүргізіледі.
Бітіруші топтардың кәсіптік практикасы бойынша баға бұрын игерілген оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикаларының қорытындылары (бар болған жағдайда) бойынша анықталады.
10. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар кезеңінде диссертациялық кеңес мүшелерінің докторанттардың докторлық диссертациясын қорғауына қатысуы ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
11. ЖЖООКБ ұйымдарының білім алушыларына мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді.
12. ЖЖООКБ ұйымдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жүргізу рәсімі тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |