Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі ұйымдарда оқу процесін ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
Жалпы ереже
1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бұдан әрі - ЖЖОКБ) ұйымының басшысы білім алушыларды, ОПҚ, басқа да қызметкерлерді, оның ішінде қолжетімді байланыс түрлері, білім беру ұйымының интернет-ресурстары арқылы ақпараттандыруды қамтамасыз етеді.
2. ЖООКБ ұйымының басшысы білім алушылардың, ОПҚ-ның және басқа да қызметкерлердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды, қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған басқару органына және барлық білім беру процесіне қатысушыларға дереу хабарлайды.
3. ЖЖООКБ басшысы Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге, жаңа қосымшаларды алуға өтініш беруді тоқтата тұрады.
4. ЖЖООКБ ұйымының әкімшілігі денсаулықты сақтау, сақтық шаралары үшін жауапкершілік, білім алушылармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардықолдана отырып, жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру бойынша білім беру процесінің барлық қатысушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
5. ЖООКБ ұйымының әкімшілігі білім беруді басқарудың жоғары тұрған органымен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша күнделікті байланысты жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |