Панно түрлерімен таныстыру «Сәндік-қолданбалы қолөнер»



Дата21.03.2017
өлшемі10,22 Kb.
#12043
  • «Сәндік-қолданбалы қолөнер» үйірмесінің мұғалімі: Джелдикбаева Г.С.
  • Сабақтың мақсаты:
  • білімділігі: Оқушыларға панно жайында түсініктеме беру. Оның түрлерімен таныстырып, қызығушылығын арттырып, орындалу технологиясын түсіндіру.
  • дамытушылығы: оқушыларды жұмыс барысында әр түрлі бұйымдар жасауға шеберліктерін шыңдау арқылы эстетикалық талғамын, ой-қиялын дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
  • тәрбиелігі: оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа баули отырып, әсемдікті сүйе білуге, төзімділікке, ынталы болуға, көзбен жобалауға, берекелікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  • Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік құралдарын пайдалану,сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс. Қажетті материалдар мен қүралдар: түрлі-түсті қатты қағаз, желім, қайшы, қалам, мата, ине, Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих,сызу. Сабақтың көрнекілігі: панно бұйымдары, сөзжұмбақ, суреттер, слайд, буклет, реферат.

  • Панно
  • Үй тапсырмасын сұрау:
  • Жаңа сабақ:
  • Қолөнер, қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
  • Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады.

Панно түрлері:

Кластер құрастыру

  • ҚОЛӨНЕР
  • ҚОЛӨНЕР

 

  •  
  •  
  • П
  •  
  • А
  •  
  • Н
  •  
  •  
  •  
  • Н
  •  
  • О
  •  
  • Сөзжұмбақ:
  • 1. Жапсырмалау әдісін қалай атаймыз?
  • 2. Мата қиындыларынан тігілетін бұйым?
  • 3. Дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс түрін не дейміз?
  • 4. Тігінші құралдарының бірі?
  • 5. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің бірі?
  • Сарамандық жұмыс

1. Панно дегенді қалай түсіндін?

  • 1. Панно дегенді қалай түсіндін?
  • 2. Панно қандай бөлшектерден тұрады?
  • 3. «Құс» панносына кандай тігіс қолданылады?
  • 4. Өз қолыңмен жасаған бұйымды кімге сыйлар едің?
  • 5. «Құс» панносын тігу үшін қандай мата таңдау керек.
  • Жаңа сабақты бекіту

Жұмыстың орындалу реті

  • Жұмыстың орындалу реті
  • бойынша панно жасау.
  • Үй тапсырмасы
  • Назарларыңызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет