«Парадигмалық және синтагмалық мағына»-42 бет



бет4/7
Дата23.12.2023
өлшемі94,97 Kb.
#198788
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-50519

ІІ.2 Синтагмалық мағына
Сөз мағынасының қалыптасуында парадигмалық мағынамен бірге синтагмалық мағынаның да үлкен қызметі бар, олар бірі екіншісімен байланысып жатқан категориялар болып есептелінеді. Егер парадигмалық мағыналық элемент бір деңгейдегі лексико-семантикалық не тематикалық топтағы сөздердің арасында болып, сол сөздерді салыстыру негізінде анықталса, синтагмалық мағыналық злемент сөздердің сөйлеу не жазу кезінде бірінен кейін екіншісінің келіп байланысуы негізінде анықталады. Сөз мағынасының құрамындағы қайшылық та осы екі мағыналық элементтер арасынан келіп шығады. Біздің түсінігімізше, сөз мағынасының құрамындағы элементтер (денотаттық, сигнитификаттық, эмоциялық-экспрессивтік, парадигмалық, синтагмалық) жеке-жеке бір-біріне байланыспай өмір сүреді деу дұрыс емес. Әрине сөз мағыналары осы элементтерден құралатындығы анық, бірақ ол мағыналық элементтердің арифметикалық қосындысы емес. Олардың біреуі мағынаны қалыптастыруда шешуші қызмет атқарса, екінші біреуі сөздің (сол сөздің) мағынасындағы айырушы сема қызметін атқарады. Басқа бір сөздің мағынасында екінші бір мағыналық элемент лексикалық мағынаның ядросын жасауы мүмкін. Тіпті бір сөздің аясында да мағыналық элементтер өзара әрекетте болып, сөздің мағынасының өзгеруіне себепші де болады. Сондықтан да түсіндірме сөздіктерде берген мағына сол сөздің қолданылғандағы, контекст ішіндегі мағынасымен тең түсе бермейді. Мысалы, Демеңдер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық (Абай) дегендегі мал сөзі тек төрт түлікке байланысты қолданылып тұрған жоқ. Осы мал сияқты жаңа мағынада қолданылу синтагмалық мағынаның үлесіне тиеді.
Синтагмалық мағынаның табиғатын түсіну, парадигмалық мағынаға қарағанда, қиындық туғызатындығы анық. Сөздер арасындағы антоним, синоним, ұштас мағыналық байланыстар ортақ семалары арқылы байланысып жататын, бір қатардың элементтері арасында болатын болса, синтагмалық мағына әр текті тіл элементтері арасындағы горизонталь байланысынан, бірінен кейін екіншісі келіп байланысуынан анықталады. Соңғы қаснет сөздердің системалы байланысы ретінде қарауға да, сөздің мағыналық элементі ретінде қарауға да жағдай жасайды. Жалпы синтагма кең түсініледі. Мысалы, тіл білімінде фонетикалық синтагма, морфологиялық синтагма деген түсініктер де бар. Ал сөздердің байланысының өзінен де екі түрлі сннтагма шығарамыз. Б. А. Плотников синтагма терминін орыс тіліндегі сочетаемость (үйлесу, сәйкес келу) терминімен тең санап: 1) грамматикалық (синтаксистік), 2) лексикалық бар екендігін көрсетеді (Плотников 84, 40) *.
Кез келген сөз белгілі бір текст ішінде келгенде өзара тек синтаксистік қағидаға негізделгендей көрінеді. Шындығында да сөздер әрі синтаксистік, әрі семантикалық жақтан байланысады. Байланысқа түскен сөздердің тым болмағанда бір семасы өзара сәйкес келуі не екінші бір сөздегі бір семаменен байланысқа түсу мүмкіндігі болу керек. Мысалы, көр етістігі көздің қызметімен байланысты амал-әрекетті білдіреді де көзге түсетін заттармен байланысты қолданылады. Шаттың аузын бекіткен алтын қорған, Қақпасы бекітулі көзі көрді (Абай). Бұл мысалымызда көр етістігі қақпа сөзімен байланысып тұр. Қақпа көзге түсетін, түйсік тугызатын зат есім болғандықтан көр етістігімен байланысып (номинативтік мағынасында), объектпв қатынасты білдіріп тұр. Егер қақпа сөзінің орнында көзге түйсік туғызбайтын басқа бір зат не ұғым атауы тұрса, онда көр кезінің мағынасында өзгеріс болады. Салыстырыңыз: Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе? (Абай) дегенде көр етістігі көзге түйсік туғызатын зат не ұғым атауы болатын сөзбен байланыспай, түйсік туғызбайтын процесс атауымен байланысып тұр. Сондықтан да бұл мысалымыздағы көр етістігі көру етістігі мағынасында қолданылмай, білу, сезіну етістігі мағынасында қолданылып тұр. Демек парадигмалық мағына да өзгерген.
Сөздердің контексте, текст құрамында келіп қолданылуын, олардың тілдік система мүшелері арасындағы қатынасын анықтау синтагмалық байланыс негізінде анықталынса, сөздердің контексте, тексте қолданылып, мағынасында болатын өзгерістерді анықтау синтагмалық мағынамен байланысты болады. Әрине сөз мағынасы құрамындағы синтагмалық элементтер тіркеске, контекстке түскенде ғана пайда болмайды, керісінше, контексте анықталады. Кей ғалымдар контекстке артықша баға беріп, мағына жасайтын контекст, сөздер жеке тұрып лексикалық мағынаға ие болмайды деген пікір де айтқан болатын. «Кейбір таңбалардың лексикалық мағынасы,— деп жазған болатын Л. Ельмслев,— арнайы бөлініп алынған контекстік мағына не жасанды қайта айту ғана. Басқа сөздермен байланыспаған таңба ешқандай мағынаға ие болмайды; кез келген мағына контексте ғана пайда болады» (Ельмслев 60, 303—304) *.

Синтагмалық мағына сөздердің көп мағыналылығы, ауыспалы мағынада қолданылуы, метафора, метонимия сияқты семантикалық категориялармен де байланыста байқалса, синтагмалық қатынас сөз аралығындағы байланыстармен, сөздердің валенттілік қасиеттерімен қатысты болады. Синтагмалық мағына семантикалық категория ретінде сөздердің мағынасындағы экстролингвистикалық элементтер мен оның сөз мағынасындағы көріністерінің (қолданылудағы) сәйкес келуінен туады. Сондықтан да адам санасындағы сақталынған, тіл элементтері ретінде, сөздің мағынасы мен сол сөздің белгілі бір контексте қолданылған мағынасы тең түсе бермейді дейміз. Мысалы, мал дегенде біз төрт түлік үй жануарларын түсінеміз. Бірақ малдың түрлері, түстері, төрт аяқты болатындығы, адамның сөзіне түсіне бермейтіндігі, өз пайдасын, пайда мен зиянды түсінбейтіндігі, келешегін болжай алмайтындығы, ойлау қабілетінің жетілмегендігі сияқты толып жатқан қасиеттері барлығы анық. Бірақ, Мал ішінен айланып, Көңлі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға (Абай). Жалқауға мал құралмас, Жатқанға жан жуымас (Мақал) деген мысалдарымыздағы мал сөзі тек үй жануарлары мағынасында қолданылып тұрса да, оның түрлі қасиеттері туралы мәлімет беріп тұрған жоқ. Қажет болған жағдайларда ғана сол қасиеттің біреуін белгілі бір тіркестерде, айтушының мақсатына байланысты, негізгі информациялық ядро ретінде бас көтеруі ғажап емес. Салыстырыңыз: Бәрімізді малға санады. Жүрт кәзінше ішкілікке салынды, бейқамдық жасады (Е. Оразақов). Ол айтқанға көнбейтін, айдауға жүрмейтін малдың өзі (С. Мұратбеков). Бірінші мысалымыздағы мал сөзі ойланбайтын, түкті білмейтін мағынасында, екінші мысалымызда топас, надан мағынасында қолданылып тұр. Қазақ фабрика салып, көн қазып байлық арттырған халық емес. Ол байлықты төрт түлік малмен есептеген. Сондықтан да біреудің байлығын көрсеткісі келсе, пәленшеге пәленбай мың жылқы, қой не түйе біткен деп дәріптеу бар. Мысалы, Бөрібай деген бай шықты, Тоқсан мың екен қарасы, Мүрындық, ноқта тимеген, Түйешілер мінбеген, Сексен мың екен маясы (Батырлар жыры). Албанның сен байлығын білуші ме ең, Бір аулың жүз қысырақ тай байлаған ба? (Айтыстар). Жеті мың қой қорада шулап жатыр, Бес мың құлын желіде тулап жатыр (Айтыстар). Келтірілген мысалдарымыз-да мал байлық ретінде, саны болса мелшері ретінде беріліп тұр. Демек мал байлық ретінде де түсінілген. Соңғы мал сөзінің байлық, табыс мағынасында да қолданылуына жағдай жасаған. Мысалы, Маған бітсе осы мал, Жанымды неге қыстар ем (Абай). Малымарымның садағасы (Мақал).


Синтагмалық мағына да парадигмалық мағына сияқты өздігінен өмір сүреді, бірақ арнайы ғылыми талдау болмаса анық көрінбейді. Тіпті айтушы да, тыңдаушы да, күнделікті дағды бойынша, оның түп-төркініне қарамай қолдана береді. Дегенмен де синтагмалық мағына тіркеске түскен, сөздердің барлығында да бар, кездеседі. Бірақ олардың мағынаның қалыптасуына, өзгеруіне тигізетін ықпалы бірдей болмайтындығы анық. Мысалы үшін сөздердің белгілі бір текст құрамында келіп, өзара байланысып келуіндегі синтагмалық байланыстың қызметі бір басқа да, сөздердің мағынаға еніп контекстің көмегімен анықталынатын синтагмалық элемент екінші басқа қасиетке ие. Синтагмалық мағына полисемантикалық сөздердің, сөздердің ауыспалы мағынада қолдануының, метафора мен метонимияның, табу мен эвфемизмнің, сөз мағынасының тарылуы мен кеңеюінің, түрақты тіркестер мен контекстік қолданулар кезінде сөз мағынасының өзгеруімен байланысы барлығы анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет