нағашы, бөле, көке, әке сияқты сөздер енеді. Бұлардың өздерін тікелей қандық туысқандық және сатылай қандық туысқандық деп екіге бөлуге болады. Бірінші топқа: ата, ана, перзент, ұл, қыз, аға, іні, сіңлі, қарындас сияқты сөздер енсе, екінші топқа: әже, баба, нағашы, немере, шөбере, жиен, бөле сияқты сөздер енеді. Тікелей туысқандық атаулары өзара тығыз байланыста болады да, олардың бірін екіншісімен салыстырып, шендестіріп қолдана береміз. Мысалы, ата-ана, аға-қарындас, ұл-қыз, т. б. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің (Шеш. сөздер) Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар (Шеш. сөздер) Бұл сөздердің басын біріктіріп тұратын архисемалардың болуымен бірге, оларды ажыратып, жеке сөз ретінде мағына жағынан бөліп тұратын айырушы семалары да болады. Мысалы, ата мен ананың айырушы семасы жыныстық белгісін білдіретін семасында; аға мен қарындасты ажыратып тұратын сема 1) жас мөлшерінде, 2) жыныстық белгісінде т. б.
Некемен байланысты туысқандық атауларын да осы сияқты бірнеше кіші лексико-семантикалық топтарға бөлуге болады. Мысалы, бұлар ең алдымен, күйеу жақтағы және қалыңдық жақтағы туысқандық атаулар болып екіге бөлінеді. Балдыз деп біз қалыңдық жақтағы кіші туысқандарды айтамыз, ал абысын дегенде күйеуімен туысқан үлкен адамдардың әйелдерін айтамыз. Бір ескертетін нәрсе сол — некеге байланысты туысқандық атаулардың көбі екі жақтағы туысқандармен байланысты айтыла береді. Мысалы, құда, құдағи, құдаша, құда бала, т. б.
Қозғалыс етістіктерінің құрамына енетін сөздер өзара бір не екі семалары арқылы байланысып жатады. Бар, кел, кет, өт, секір, жылжы, атта, шап, жорғала, сырғы, сырғана, ауна, жет, т. б. етістіктердің барлығының мағына құрамында қозғалған заттың орнын өзгерткендігін білдіретін семалар арқылы байланысып жатады. Осы мағыналық элементіне қарай біз оларды қозғалыс етістігі деп атағанбыз. Бұл топтағы сөздерді де екінші бір мағыналық элементтерінің байланысына қарай белгілі бір бағытты білдіретін қозғалыс етістіктері, бағытсыз қозғалысты білдіретін етістіктер, қозғалыстың темпіне (тездігіне) байланысты мағына білдіретін қозғалыс етістіктері, баяу қозғалысты білдіретін қозғалыс етістіктері сияқты бірнеше кіші семантикалық топтарға бөлуге болады. Сонымен бірге етістіктердің синонимдік, антонимдік қатарлары да осы лексико-семантикалық топтың аясында болатындығын естен шығармау керек. Мысалы, кір-шық, шық-тұс, кел-кет, алыс-та-жақында, алыстау-ұзау, жырақтау-қашықтау, жақындау-ай-налшақтау, -төңіректеу, т. б.
Парадигма мен синтагма тілді системалы құбылыс деп анықтаумен байланысты да система мүшелерінің арасында анықталады. Мағына құрамындағы парадигмалық элемент пен система мүшелерінің арасындағы байланысты анықтайтын парадигмалық байланыс бірі екіншісіне қарсы келмейтін, керісінше, бірі екіншісін толықтырып, анықтық беріп тұратын категориялар. (Бұл туралы кейінірек тағы да сөз болады). Бүл екі парадигманы (сондай-ақ синтагмаларды да) бөліп алудағы мақсатымыз семантикалық парадигма (синтагма да) сөздердің лексикалық, грамматикалық мағыналарының қалыптасуына, системаға енуіне жағдай жасайтындығын көрсету болса, система мүшелері байланысындағы парадигма мсн синтагма сол мүшенің системадағы орнын көрсетуге, системаның байланысу шегін, түрлерін көрсетуге байланысты ролін анықтау. Сондықтан да парадигма терминін қолданғанда кепшілік еңбектерде семантикалық парадигманы есепке алмай, тек тілдік системадағы парадигманы есепке алады.
Достарыңызбен бөлісу: |