«Парадигмалық және синтагмалық мағына»-42 бет



бет6/7
Дата23.12.2023
өлшемі94,97 Kb.
#198788
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-50519

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз мағынасы мен лексиканы системалық құбылыс деп танудың арасында байланыс бар. Егер сөз семантикасымен байланысты айтылған пікірлерге шолу жасайтын болсақ, Ф. де Соссюрден кейін өмір сүрген көрнекті тілшілеріміздің біразы сөз мағынасын анықтауда системаға белгілі дәрежеде орын береді. Мысалы, көрнекті совет тілшісі акад. В. В. Виноградов «Сөздің ішкі бірлігі олардың тек фонетикалық және грамматикалық тұтастығымен ғана анықталынбайды, олардың мағыналық семантикасының бірлігімен де белгіленеді, ол өз жолымен, тілдің жалпы семантикалық системасының заңдылығымен анықталады»,— деп жазған болатын (Виноградов 72, 17) *. Ал, структуралды тіл білімінің өкілдерінің көпшілігі парадигмалық, синтагмалық қатынастан тыс (яғни тілдік системадан тыс) сөздер мағынаға ие болмайды деген пікірді уағыздайды (Лайонз 78, 90) *. Сондықтан да сөз мағынасының табиғатын толық түсіну үшін тілдік системаның табиғатын түсінген, анықтаған жөн.
О. Н. Турбачев сөз мағынасына этимологиялық зерттеулер негізінде талдау жасай келіп, сөз мағынасында ажыратушы белгілер (дифференциональные признаки) және бір нәрселер туралы хабар беретін мағыналық варианттар болады деп есептейді. Бұл екі элементке қосымша семантикалық инвариантты да көрсетеді (Тур-бачев 76, 157) *. Автор айырушы белгілерге талдау жасай отырып Н. А. Слюсареваның бейнелік мағына теориясына толық қосылуға болады дейді де С. Г. Щурдың еңбегіне сілтеме жасайды.
С. Г. Щур индоевропа тілдерінің материалын негізге ала отырып, лексиканы тематикалық топтарға бөлген, осы мақсатта сөз мағыналарына талдау жасаған еңбектің авторы екендігі анық, С. Г. Щурдың көрсетуінше, сөз мағынасын құрылымдық элементтерге бөлуге арналған еңбектер біздің ғасырымызың басында-ақ басталған, бірақ олар жалпы қағидаларды ғана сөз еткен. Мысалы, А. Л. Кребер 1909 жылы жазған мақаласында туысқандық терминіне талдау жасай отырып, олардың жас ерекшелігіне, қандық, туысқандық, т. б. белгілеріне байланысты ажыратылып жататын қасиеттері барлығын көрсеткен (Щур 74, 28—29) *. С. Г. Щур да Н. А. Слюсарева сияқты сөз мағынасындағы лингвистикалық және экстролингвистикалық элементтердің барлығын мойындайды. Бірақ С. Г. Щур бұл пікірін сөз мағынасын компоненттік анализ ету нәтижесінде айтпай, сөздерді тематикалық топқа бөлу принциптерін анықтау үстінде айтқан.
Тіл білімінде тематикалық топ және лексико-семантикалық топ деген екі терминнің қатар өмір сүретіндігі анық. Көпшілік зерттеушілер тематикалық топка топтастыруда лингвистикалық принцип негізге алынбайды, заттардың табиғи белгілері, объективтік қатынастары, т. б. алынады дейді. Ал лексико-семантикалық топ сөздердің лексикалық мағынасына негізделеді, яғни сөздерді антонимдік, синонимдік не ұштас мағыналары есепке алынады. Мысалы, қол, аяқ, көз, тірсек сияқты сөздер өзара ешқандай семантикалық байланысқа ие емес, бірақ олар адамның дене мүше атаулары. Ал кел, кет, бар, жүгір, жел, шап, зыт, кір, шық, т. б. деген етістіктердің арасында семантикалық байланыс бар. Бұлардың барлығының лексикалық мағына құрамында бір орыннан екінші орынға өту, козғалуды білдіретін мағыналық элемент (сема) бар. Сонымен бірге олар синоним, антоним не ұштасып жататын мағыналық қасиетке ие. Салыстырыңыз: кел мен кет, кір мен шық антонимдер, кет, жоғал, зыт, жөне сияқты сөздер өзара синонимдік қатар жасайды.
С. Г. Щур тематикалык топтарға сөздерді топтастырғанда өріс (поле) теориясын қолданып, оған сөздердің парадигмалық қатынасын негіз етіп алған (Щур 74). Бірақ автор тематикалық топтың (автордың терминінше өрістің) құрамына енген сөздер семантикалық ерекшелігіне қарай бір ізді болмайтындығын ескертеді. «Бір жағынан синонимдік қасиетімен, екінші жағынан белгілі бір затты білдіруімен анық керінеді. Бірінші жағдайды (шамада, семантиканы), дәстүр бойынша, лингвистикалық деп қарасақ, екіншісін – экстролингвистикалық деп қараймыз», - деп қорытынды жасаған
(Щур, 74, 30). Әрине қорытындыда айтылған пікір дұрыс. Синоним болсын, антоним болсын сөздердің ара қатынасынан туады, ол заттардың өзіндік белгісімен ғана емес тілдік заңдылыктармен де, қалыптасқан дәстүрмен де байланысып жатады. Мысал ретінде қазақ тіліндегі жүгір мен шап етістіктерін алайық. Жүгір етістігінің лексикалық мағынасы аяғын жылдам басып, бар пәрменімен зымырау болса, шап етістігінің мағынасында көлікпен (атпен, есекпен, түйемен т. б.) байланысты мағына элементі болады. Яғни қазақ тілінде атқа міне сала жүгірді не атпен жүгіре жөнелді деген тіркестер қолданылмайды. Сөзсіз бұл мағыналық компонент шап етістігінің мағына құрамына ену керек. Сондықтан да қазақ тілі түсіндірме сөздігінде шап етістігіне атпен құйғыта жорту, ызғыту деп анықтама берген (КТТС 10, 138) *. Бірақ олар адамға байланысты қолданылғанда синонимдік сыңар ретінде бала үйіне қарай жүгіре жөнелді, бала үйіне қарай шаба жөнелді болып колданыла береді. Орыс тілінің синонимдік сөздігінде ходить сөзіне расхоживать, шагать, похаживать, таскаться, бродить, шататься, болтаться, шляться, слоняться, трепаться, мотаться, шлендать, шастать сөздерімен синоним деп көрсеткен (Александрова 75, 581) *. Бұлар ортасында мағыналық байланыстың барлығы анық, сондай-ақ айырмашылықтардың барлығы да рас. Салыстырып көрелік: орыс тілінің нормасы бойынша я пойду к тебе домой деу норма болса, я хожу к тебе домой деу тілдік норма болып саналмайды. Сондықтан да С. И. Ожегов ходить сөзіне анықтама бергенде, бірінші мағынасы ретінде, идти сөзінің 1, 2, 3, 10, 14, 15 — мағыналарымен сәйкес келетіндігін көрсеткен. Ал идти сөзіне болса 26 мағына берген (Ожегов 73, 219—220, 795) *. Демек ходить сөзі идти сөзімен тек 6 мағынада ғана сәйкес келеді де, қалған 20 мағынада онымен синоним бола алмайды. Бұл екі сөздің көпшілік мағынасын қазақ тіліне аударғанда жүру, бару (кей мағынасын келу) сөзі арқылы береміз. Қазақ тілі үшін жүру мен бару — мағына жағынан ешқандай сәйкес келмейтін, синонимдік мәнде қолданылмайтын сөздер.
Н. А. Слюсарева сөз мағынасының құрамындағы лингвистикалық мағына мен бейнелік мағынаны ажырату мәселесіне соңғы кезде жарық көрген еңбектерінде де қайта оралған. Бірақ соңғы еңбектерінде ол бұл мәселеге тіл функциясымен байланысты сөз қылады, терминдері де басқа. Әрине тілдің негізгі қызметі белгілі бір информацияны екінші біреуге беру, білдіру. Ол үшін сөздер (қосымшалы, қосымшасыз болсын) сөйлем құрамына еніп, белгілі бір қызмет атқаруы, сөйлемдегі айтылатын пікірдің жарыкқа шығуына өз үлесін қосуы керек. Тіл білімінде функция терминіне түрліше анықтама беріп, оның мағына көлемін түрліше анықтау бар, бірақ тіл элементтерінің функциясы дегенде біз оның сөйлемдегі ойды білдіру кезіндегі атқаратын қызметін түсінеміз. Н. А. Слюсарева болса, функция мен мағынаны салыстыра зерттеп, бір-біріне карамақарсы қояды. «Тіл элементгерінің семанти-касы мен функциясын яғни мағынасы мен функциясын ажыратып және мынаған көңіл белеміз. Яғни мағына тіл элементтерінің системадан тысқа бағытталынуы, объектив дүниенің бейнесі не сол бейнелеу процесініц қорытындысы ойлау ретінде, ал функция — тілдік система элементтерінің ішкі қасиеті, олардың қолданылу мүмкіндігін көрсететін элементтердің (сөздің — О. М.) қарым-қатынасы» (Слюсарева 86, 32) *). Н. А. Слюсареваның бұл еңбегінен сәл бұрынырақ жарық керген екінші бір еңбегінде осы тіл элементтерінің функциясына байланысты сөз мағынасына талдау жасай отырып, «К внутренней стороне значимых единиц относятся значение и ценность (значимость, Valer— по Соссюру), которые в их совокупности составляет то, что приятно именовать «означаемым», а в более современных терминах — «планом содержания»,— деп жазған болатын (Слюсарева 81, 246).
Тіл біліміңде значение, значимость (ценность) терминдеріне анықтама бір ізді берілмейді, тіпті кей ғалымдар оларды ажыратып қолданылуына қарсы да (Будагов 76, 99) *. Мағына (значение), мән (значимость) Н. А. Слюсареваның еңбектерінде ерекше мән беріліп, ажыратылады. Мән (значимость, ценность) тіл системасының ішінде болады. «Бұның бәрі мәннің өзіндік қасиеттері ішкі системалық қатынастарына негізделеді деп қорытынды шығаруға негіз бола алады. Бірақ мән тілдік системадан тыс та қалыптасады, пайда болады да сөйлемдердің бөлшектерінде, хабарлау үстінде системаға негізделеді, соған бекітіледі де оныц ажырамас бір бөлшегі ретінде өмір сүреді»,— деп мәнді тілдік системадан шығарады (Слюсарева 86, 247) *. Ал, мағына болса, тілдік системадан тыс өмір сүреді деген. Осы екеуінің қосындысы тілдің ішкі жағын, мазмұнын жасайды. «Мазмұн (содержание) мен таңбалаушы, өз жолымен, екі бөлімнен түрады: мағына мен мән. Мағына ақыл-парасат арқылы ойлаумен байланысады. Оны біз ұғым деп түсінеміз. Ал, мән болса, таңбаның системадағы орны арқылы анықталады, яғни оның басқа таңбалармен қатынасын және оның реляциялық (салыстырмалы, толық болмаған — О. М.) қасиетін білдіреді»,— деп түсініктеме берген (Слюсарева 77, 108) *). Л. А. Новиков та осыған жақын анықтама берген (Новиков 82, 97) *.
Н. А. Слюсареваның соңғы пікірімен байланысты пікірімізді жинақтайтын болсақ, біріншіден, сөздің (жалпы мағыналы тілдік элементтердің) мағынасы екі элементтен тұрады: бірі — мағына, еқіншісі — мазмұн; екіншіден мағына мен мазмұн тең емес, мазмұн тілдік системадан, тіл элементтерінің системадағы орнымен байланысты анықталса, мағына тіл системасынан тыс, адам ойымен, ұғыммен байланысты анықталады. Үшіншіден, Н. А. Слюсарева қолданған мағына (значение) термині мен оқулықтарда қолданылып жүрген мағына терминдері бір мағынаға ие емес. Біздің түсінігімізше, сөз мағынасы әрі интерлингвистикалық элементті, әрі экстролингвистикалық элементтерді қамтуы керек. Онсыз тіл қатынас кұралы, сөз оның негізгі құрылымдық элементі қызметін атқара алмайды.


1Цитатаны орыс тілінде беруімізге себеп — көп терминдердін, қазақ тілінде баламасының болмауы, бар болса да орыс тіліндегі мағынасымен толық келмейтіндігі. Әрине, значимость — мән, означаемый — белгілеу, план содержание терминін мазмұн деп алуға болар еді, бірақ бұл терминдер қазақ тілінде әлі қалыптаспаған және орыс тіліндегі мағынасын толық бере алмайды.
Үстіміздегі ғасырдың 30—50 жылдарынан бастап ғылымда босын, техникада болсын системалы зерттеу, мәселеге системалы қарау керек деген түсінік кең құлаш жая бастады. Нәтижеде ғылымда система, структура, мүше (элемент). сияқты түсініктер пайда болып, барлық пәндердің құрамына ене бастады. Бұдан XX ғасырдың 30-жылдарына дейін ғылымда системалы зерттеу болмаған екен деген түсінік тумауы керек. Біздіңше, кез келген пән белгілі бір объектінің заңдылығын тексеретін болса, системалы зерттеулердің нәтижесінде ғана белгілі бір табысқа қолы жетуі мүмкін. Системасыз зерттеудің нәтижесі де онша бай бола алмайды. Сондықтан да Ч. Дарвиннің, И. М. Сечновтың, И. В. Павловтың, К. Маркс пен Ф. Энгельстің, В. И. Лениннің енбектерінде системалы зерттеулер жоқ деп кім айта алады? Д. И. Менделеев, Л. И. Лобачевский, Ч. Дарвин, И. М. Сечнов, И. В. Павловтар табиғи пәндердің, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Лениннің қоғамдық пәндердің системалы заңдылықтарын ашқандығын, олардың элементтерінің системалық табиғатын ашқандығын, структурасына ғылыми талдау жасағандығын тек айтып қоя салу жеткіліксіз. Олар ашқан жол, көрсетіп берген қатынастар өздерінен кейінгі системалы зерттеулерге методологиялық негіз болатындығы, болып жүргендігі құпия емес. Бірақ олардың пәнге қосқан үлесі, зерттеу методтарының ролін анықтау өз алдына басқа мақсаттағы зерттеу жұмысын талап етеді. Дегенмен де аттары аталған данышпан ғалымдарымыз система, структура туралы арнайы зерттеу жұмыстарын жасамаған, белгілі бір пәннің системасын, структурасын анықтауды мақсат та етпеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет