Парламент b үкімет c сот d министрліктер e әкімдер Сызбаны пайдаланып заңдардың орындалуын жүзеге асыратын атқарушы билік сатысын анықтаңыз a жергілікті сот b үкімет



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата16.03.2023
өлшемі2,02 Mb.
#172684
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
2 5318808033881500392



1&&& 
1.Сызбаны пайдаланып заңдарды қабылдайтын билік сатысын анықтаңыз 
A
) Парламент
B) Үкімет 
C) Сот 
D) Министрліктер 
E) Әкімдер 
2.Сызбаны пайдаланып заңдардың орындалуын жүзеге асыратын атқарушы 
билік сатысын анықтаңыз 
A) Жергілікті сот 
B) Үкімет 
C) Парламент 
D) Сенат 
E) Жоғарғы сот 
3.Қазақстан Республикасында барлық билік тармақтарынның үйлесімді жұмыс 
істеуін жүзеге асырушы 
A) Президент 
B) Сот 
C) Парламент 
D) Үкімет 
E) Министрліктер 
4.Мемлекет басшысының заң шығарушы орган қабылдаған заңның 
қабылдануын тоқтату немесе болдырмау құқығы 
A) импичмент 
B) вето 
C) медиация 


D) санкция 
E) диспозиция 
5.Билікті бөлу жүйесіне қатысты дұрыс дәйектерді табыңыз. 
І. Министрліктер атқарушы билік жүйесіне жатқызылады. 
II.Үкімет сот билігін басқарады. 
III.Үкімет мүшелерін халық сайлайды 
IV.Заң шығарушы орган - Парламент деп аталады 
A) I, II 
B) II, III 
C) III, IV 
D) II, IV 
E) I, IV 
2&&& 
Қазақстанда бес Конституция болғанын айта кетейік. Қазақ Автономиялық 
Кеңестік Социалистік Республикасының (ҚАКСР) бірінші Конституциясы 1926 
жылы қабылданған. 1937 жылы Қазақ КСР-інің екінші Конституциясы 
қабылданды. 1978 жылы Қазақ КСР-інің үшінші Конституциясы қабылданды. 
Тәуелсіздік 
алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан 
Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында 
қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды 
1993 жылғы Конституцияда негізінде парламенттік республиканың моделі 
болды. Конституция Қазақстан тәуелсіздігін бекітті. Бұл акт тәуелсіздіктің 
бірінші жылдарының қиындығы мен қайшылықтарын көрсетті. Бір жағынан, 
Конституция нарықтық экономика мен демократиялық мемлекет қалыптастыру 
үшін заңды негіздер құрды. Екінші жағынан, заң шығарушы мен атқарушы 
биліктің өкілеттілігі туралы мәселені шешпеді. Сондықтан биліктің жоғарғы 
органдары дағдарысқа ұшырады. Ал қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық орын 
алды.Конституция мемлекеттік тіл, жерді жекеменшікке иелену мен азаматтық 
туралы мәселелердің шешімін бермеді. Осы жағдайлар 1995 жылдың 30 
тамызында бүкілхалықтық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясын 
қабылдауға түрткі болды. 
Басқарудың президенттік формасы бекітілді. Президент биліктің барлық 
тармақтарына билік етеді, осы себептен де еліміз тұрақтылық пен бейбітшілікте 
ғұмыр кешуде. Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің 
мемлекеттік те, жеке де түрін мойындайды. Елімізде мемлекеттік тіл ретінде 
қазақ тілі қабылданған. Сонымен қатар қазақстандық халық көпұлтты екендігін 
ескерсек, билік органдары мен мемлекеттік ұйымдарда орыс тілін қолдануға 
Конституциямен рұқсат етілген.
1.Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданған 
жылын анықтаңыз 
A) 1926 ж.
B) 1937 ж. 
C) 1978 ж. 
D) 1993 ж.
E) 1995 ж



2.Мәтін бойынша1978 жылы қабылданған құжат 
A) ҚАКСР-інің бірінші Конституциясы 
B) Қазақ КСР- інің екінші Конституциясы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет