ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • ГЕОЛОГИЯ • ЖЕР ҚҰРЫЛЫМЫ
2
2-бөлім: Ғаламшар анатомиясы
• Сеймикалық толқындар қалай пайда болады?
• Ядроның табиғаты қандай?
Жердің сыртқы ядросы негізінен
сұйық темірден тұрады
Ядро – қатты ішкі ядродан және сұйық сыртқы ядродан
тұратын жердің ең тығыз бөлігі. Ядро негізінде
темірден, аз мөлшерде никельден және басқа да
элементтерден тұрады деп саналады. Ядро Жер
көлемінің шамамен 16%-ын құрайды, алайда өте тығыз
болғандықтан Жер массасының 32%-ын құрайды.
Ол Жердің сыртқы қабатынан 2900 км тереңдікте
орналасқан. Пайымдаулар бойынша, ядро жылуының
жоғалуы және ішкі қозғалыстар Жердің магнит
өрісінің пайда болуына ықпалын тигізеді. Ядродағы
температура 5000-7000°C аралығында болады.
Жер сілкіністері немесе Жер қыртысының басқа да қозғалыстары Жер арқылы сейсмикалық толқын ретінде
таралатын энергия түзеді. Әртүрлі толқын түрлері жер қыртысы үлкен қысымның әсерінен жарылғанда пайда
болады, ал бұзылған тау жыныстарының дірілі шөгінді жыныстар арқылы жан-жаққа қарай қозғалады. Толқындар
Жер бетінде адамға сезілетін жоғары-төмен және бір жақтан екінші жаққа қарай бағытталған қозғалыстар тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |