3-бөлім: Дауылдар
• Дауыл дегеніміз не?
Дауыл – өзі қамтитын аймаққа мол жауын-шашын, қатты желдер мен
дауылды толқындар алып келетін көтерілген ауа ағынының үлкен
айналым жүйесі. Дауылға жылдамдығы 119 км/сағ-тан асатын немесе
Бофорт шкаласы бойынша күші 12-ден асатын желдер жатады.
Дауыл – Жердегі ең қуатты табиғи қауіп-қатерлердің бірі. Дауылдар
тропиктік циклондар болып табылады: тропиктен басталатын болған
соң, тропиктік деп, және төмен қысымды жүйе болуына байланысты
циклон деп аталады. “Дауыл” сөзі Америкада, ал “тайфун” және
“циклон” сөздері Азияда қолданылады, бірақ олардың мағыналары
бірдей. Бұл төмен қысымды үлкен ауа райы құбылысы жүздеген
километрге дейінгі аумақты алуы мүмкін. Дауылдың орталығы жауын-
шашынсыз және қатты желсіз, салыстырмалы түрде тыныш аймақ
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |