ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АУА РАЙЫ • ЖЕЛ
3
2-бөлім: Жел және біздің климат
• Жергілікті желдер күнделікті ауа райына қалай әсер етеді?
Жел бүкіл әлемде әртүрлі
деңгейде байқалады
Жергілікті желдер деп аз арақашықтыққа, шамамен 5 км-
ден 50 км-ге дейін созылатын желдерді айтамыз. Жергілікті
желдер теңіз жағалауларында пайда болуы мүмкін, себебі жер
теңізге қарағанда тезірек қызады. Жер бетіндегі ауа көтеріліп,
теңізге қарағанда төмен қысым тудырғанда, теңіз үстіндегі
ауа теңізден құрлыққа қарай қозғалады. Ол жағалаулық самал
деп аталады. Кері процесс түнде жүреді, себебі түнде құрлық
теңізге қарағанда суығырақ болады. Ол жағалаудан тыс самал
деп аталады. Жергілікті желдер таулы аймақтарда немесе көл
жағалауларында да пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |