Қосымша сұрақтар
Бофорт шкаласы бойынша күші 9-ға тең жел дауылды жел деп есептеледі, яғни жылдамдығы 75-88 км/сағ.
C8. Бофорт шкаласы бойынша дауылды жел дегеніміз не және оның жылдамдығы қандай?
Бофорт шкаласы бойынша күші 3-ке тең жел самал жел деп есептеледі, яғни жылдамдығы 12-19 км/сағ.
C7. Бофорт шкаласы бойынша самал жел дегеніміз не және оның жылдамдығы қандай?
• Ұсынылатын фильм
- Деректер: Бофорт шкаласы
Егер жел толқындарға қарсы соқса, толқындарды “ұстап қалады” да, серверлерге таза толқындарда серфинг
жасау үшін жеткілікті уақыт тудырады. Егер жел жағалауға қарай соқса, толқынның шарпуын тездетеді.
C9. Серферлер үшін қандай жел қолайлы?
• Аймақтық желдер бүкіл аймақтың климатына қалай әсер етеді?
Басым желдер жел соғатын жақтың орташа бағытын көрсетеді. Егер жел 200 күн бойы оңтүстік-батыстан соқса,
басым желді оңтүстік-батыстық деп айтамыз.
Басым желдер жылдың біршама бөлігінде жергілікті климатқа әсер етеді. Батыс Еуропада оңтүстік-батыстық
желдер басым болғандықтан, климат осы желдер соғатын Атлант мұхитына байланысты болады. Атлант
мұхитында жыл бойы температура тұрақты болады. Сол себепті Атлант мұхитынан соққан жел Батыс Еуропаға
жаз кезінде жылы, ал қыс кезінде жайлы (суық емес), жаңбырлы климат алып келеді. Альпіден төмен Франциядағы
Рон алқабынан оңтүстік Францияға қарай соғатын Мистраль желі суық, құрғақ ауа райын алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |