51
ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІНІҢ
КӘСІБИ
САУЫҚТЫРУ
БАҒЫТЫ
3.3. Мамандықтардың классификация-
сы. Кәсіби қимыл даярлаудың міндет-
тері, өзіндік кәсіптік аурулар,
дене тәрбиесі құралдары
мен әдістері
Профессиограммалар негізгі мамандықтарды ортақ қимыл
белсенділігіне қарап топтарға бөлуге, оларға кәсіби қозғалыс
дайындығы талаптарын дайындауға, кәсіби бағыттағы дене тәр
-
биесінің құралдары мен әдістерін ұсынуға мүмкіндік береді.
1. Халыққа қызмет көрсету саласындағы маман-
дықтар
(сатушы, даяршы, шаштараз, хатшы және т.б.).
Кәсіби қимылдық даярлаудың міндеттері:
деңсаулықты нығайту; СӨС-ті қалыптастыру; қимыл бел
-
сенділігі маңыздылығын сезіну арқылы жүйелі дене жаттығу
-
ларына тұрақты қажеттілікті тәрбиелеу; жалпы
және статикалық төзімділікті дамыту; кіріспе,
өнеркәсіптік, релаксациялық гимнастика жат
-
тығуларын өздігімен жасауға үйрету; массаж
жасау және өзіне-өзі массаж жасау әдістерін
үйрену; дифференциацияларды жетілдіру
(кеңістік, уақытша, динамикалық);
мейірбандыққа,байсалдылыққа тәрбиелеу.
Өзіндік кәсіптік аурулар:
тамырлардың
кеңеюі, омыртқа остеохондрозы, шораяқ, веге
-
то-тамырлық дистониясы, қол сіңірі контрак
-
турасы, неврозы, зат алмасуының бұзылуы.
Дене шынықтыруға ұсынылатын құрал-
дар:
кростық және шаңғы даярлығы, ырғақты
және атлетикалық гимнастика, стретчинг (21 сурет), кернеу мен
босаңсуды алмастырып жасалынатын жаттығулар, тыныс алу
жаттығулары, массаж және өзіне-өзі массаж жасау.
Машықтандыру әдістер
і: біркелкі, идеомоторлық,
айналмалы.
Достарыңызбен бөлісу: |