Кәсіби-валеологиялық қимыл белсенділігі
— бұл жеке тұлғаның нақты қыз
-
метте өнімділікке жету үшін физикалық мүмкіндіктерін және айрықша қызмет ор
-
тасында қолайлы жұмысқа қабілеттілігін жақсартуға бағытталған әрекеті.
Нысаналы қозғалыс дайындығы маманның кәсіби қызметтегі
эмоционалды күйіне күмәнсіз оң әсер ететіндігі отандық және
шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен дәлелденеді.
Сенсомоториканы жақсарту, уақытты бағдарлау, әртүрлі анали
-
затор жүйелеріне (көрнекі, есту, қозғалтқыш және т.б.) бағыт
-
талған реакциялар, бұлшық ет тонусын басқару (кернеу мен
босаңсуды алмастыра отырып жасалынатын жаттығулар) және
тыныс алу жаттығуларының орындалуы есте сақтау, назар ауда
-
ру, бағдарламалау, болжаушылық, кеңістіктік қиялдау; уақытты
бағалау және қабылдау тетіктері; жүйке процестерінің функци
-
оналдық қозғалғыштығы, яғни жүйке-эмоционалды шиеленісті
арттыруды талап ететін кәсіби міндеттерді шешу сияқты көп
-
теген мамандар үшін осындай бейіндік психо-физиологиялық
қызметтердің дамуына ықпал ететіндігі анықталған.
Қозғалысты оқытуда, үйлестіру механизмдерін жетілдіруде,
идеомоторлық және ақпараттық оқыту әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |