3-сурет ‒ FIBA Халықаралық баскетбол федерациясы бекіткен турнирлердің рейтингісі
3х3 баскетбол турнирлері ойыншылардың жасына қарай категорияларға бөлінеді. Мысалы, кеңінен
таралған категориялар қатарына U18, U23, 18+ категорияларды жатқызуға болады.
3х3 баскетбол бойынша қазіргі таңда командалар кәсіби түрде дайындалуда. Көптеген мемлекеттерде
3х3 баскетболы бойынша семинарлар, турнирлер, лагерьлер, арнайы жаттығу бағдарламалары
ұйымдастырылуда. Біздің «YuVa» командамыз соңғы жылдары 3х3 баскетбол бойынша командаларды
дайындаумен айналысуда. 3х3 баскетболға командаларды дайындау үшін міндетті түрде арнайы жат-
тығулар мен бағдарламалар ұйымдастырылу керек. Себебі 3х3 баскетбол классикалық баскетболға деген
дайындық бағдарламасынан әлдеқайда өзгешеліктеріне ие екенін атап кету керек. Бұл бағдарлама бойынша
дайындалып жүрген ойыншылар қазіргі таңда көптеген жарыстарға қатысып жүлделі орындарға қол
жеткізді.
Жастар құрама командаларды дайындау барысында тренерлермен олардың дене және тактикалық
дайындықтарына үлкен көңіл бөлінуде. Бұл арнайы ойластырылған бағдарлама арқасында біздің коман-
далар Республика және Халықаралық деңгейлерде жүлделі орын алуда.