Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Зерттеу нәтижелері мен сараптамасы



Pdf көрінісі
бет340/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу нәтижелері мен сараптамасы: 
FIBA Халықаралық баскетбол федерациясы 3х3 баскетболын 
2007 жылы Макао қаласында өткен залда өтетін Азиялық ойындарында алғаш рет өткізіп көрді. Кейін алып 
3х3  баскетбол  бойынша  жарыстар  Индонезияда  (2008  және  2013),  Доминикан  Республикасында  (2008) 
өткен болатын. Халықаралық деңгейде 3х3 баскетбол бойынша жарысы Сингапур қаласында Халықаралық 
Жасөспірімдер  Олимпиада  ойындарында  өткізілген  болатын  [6].  Осы  кезден  бастап  3х3  баскетболы 
көшелерден Токио қаласында өткізілетін 2020 Олимпиада ойындарына да жетті. Бұл әрине атқарылған 
үлкен жұмыс нәтижесі. Қазіргі кезде 3х3 баскетболы біздің де мемлекетте кеңінен таралуда және біздің 
мемлекеттік құрама командаларымыз жылдан жылға үлкен жетістіктерге жетуде. 
Қазіргі  кезде  3х3  баскетболдың  өзінің  бекітілген  ережелері  бар  және  ресми  ойындар  белгілі  бір 
құрастырылмалы алаңдарда өткізілетін болады.  
3х3 баскетбол ережелері:
 
-
 
Əр командада 4 ойыншы болуы тиіс, алаңда 3 ойыншы ойнауы керек [7]. 
-
 
Жаттықтырушы командасының ойынына әсер етпеуі керек. Жаттықтырушы көрермен ретінде бола 
тұра ойынға араласпауы керек. 
-
 
Жеребені ұтып алған команда ойынды бірінші бастауды немесе овертайм ойынын бастауды таңдай 
алады. 
-
 
Ойын 3х3 баскетболы үшін арнайы жасалған 3х3 добы бойынша өтуі керек [7].  
-
 
Ойын 10 минутқа созылады немесе қай команда бірінші 21 ұпай жинағанға дейін созылады. 
-
 
Овертайм 2 ұпайға дейін созылады. 
-
 
Алыстан салған лақтыру үшін – 2 ұпай, ал қалған лақтырулар үшін – 1 ұпайдан беріледі. 
-
 
Ойынды қайта бастау үшін команда допты доғадан бастауы керек. 
-
 
Ойыншы доғада орналасу үшін ойыншы екі аяқпен шығуы керек. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
175 
-
 
Салынған доптан кейін қарсылас команда допты доғадан шығару үшін қарсылас команда арнайы 
көрсетілген орында қарсылас команданың ойыншысына қарсылық көрсетпеуі тиіс. 
-
 
Бір шабуылға – 12 секунд беріледі. 
-
 
7-ші командалық фолдан кейін командалар 2 айыпдоптан соға алады. 
-
 
10-шы командалық фолдан кейін командалар 2 айып доптан соға алады және сонымен қатар ойынды 
бастау құқығына ие болады. 
-
 
Классикалық баскетболға қарағанда 3х3 баскетболында кез келген команда ойыншысы жеке және 
техникалық фолдардың кез келген санына ие бола алады, алайда спортшы екі спорттық емес ереже бұзуы 
үшін алаңнан қуылуы мүмкін.  
-
 
Ойын кезінде ойыншыларды ауыстыру төрешісіз жасалатын болады, бірақ ол үшін шабуыл қандай 
да бір үзіліс болуы керек. 
-
 
Салынған доптан кейін ойыншыны ауыстыру немесе тайм-аут алуға рұқсат берілмейді. 
-
 
Əр команда тек қана бір тайм-аутқа ие. 
Қазақстанда  3х3  баскетболы  2000  жылдардан  бастап  қарқынды  дамуда.  Сол  жылдары  «Kcell» 
коспаниясының қолдауымен Алматы қаласында 3х3 баскетболы бойынша жыл сайын жаз кезінде жарыс 
өткізіліп  отыратын.  Жарысқа  қатысушылар  саны  жыл  сайын  өсіп  отыратын.  3х3  баскетболы  бойынша 
турнир  Алматы қаласындағы  жаңа алаңда өткізілетін. Кейін 2010 жылдан бастап 3х3 баскетболы жаңа 
деңгейге  шыққан  болатын,  себебі  сол  жылдан  бастап  «Summer  Jam»  FIBA  Халықаралық  баскетбол 
федерациясымен  ұйымдастырылған  жүйе  бойынша  өткізілген  болатын.  Бұл  жүйе  бойынша  турнирге 
қатысушы командалардың мүшелері https://play.fiba3x3.com/ сайтында өздерін және команданы тіркеуі тиіс 
(2-сурет). Əрбір ойыншы және команда турнир біткеннен кейін белгілі бір рейтингке ие болатын болады. 
Бұл рейтинг бүкіл Əлем бойынша бір жүйеге орталықтандырылған. 
Команда  және  ойыншылар  тіркелгеннен  кейін  турнирге  қатысуға  рұқсат  берілетін  болады.  Турнир 
біткеннен  кейін  командалардың  алған  орындарына  сәйкес  ойыншыларға  белгілі  бір  рейтинг  берілетін 
болады (3-сурет). Бұл сайтта тіркелген турнирлердің де өзінің рейтингісі болады. Турнир рейтингісі жоғары 
болған сайын ойыншылардың рейтингісі жоғары болады. 
Қазақстанда рейтингісі ең жоғары турнир «Drive» баскетбол мектебімен ұйымдастырылып отыратын 
«Summer Jam» турнирі болып табылады.  
  
 
 
2-сурет  ‒ FIBA Халықаралық баскетбол федерациясының сайты 
 
Қазіргі таңда Қазақстан құрама командалары Əлемдік деңгейдегі турнирлерге қатысуда және жүлделі 
орындар  алуда.  Соңғы  жылдары  Қазақстанның  баскетбол  Федерациясы  3х3  баскетболына  үлкен  назар 
аударуда және 3х3 баскетбол бойынша турнирлер ұйымдастыруда. 
2016  жылы  Нұр-Сұлтан  қаласында  18  жылға  дейінгі  3х3  баскетбол  бойынша  Азия  Кубогы 
ұйымдастырылған  болатын.  Бұл  үлкен  турнир  Қазақстанның  баскетбол  Федерациясы,  Қазақстанның 
стритбол лигасы және FIBA Халықаралық баскетбол федерациясымен ұйымдастырылған еді. Қазіргі таңда 
Қазақстанда жыл сайын 3х3 баскетбол бойынша тұрақты түрде ондаған турнирлер ұйымдастырылуда. 
 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
176 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет