Зерттеу нәтижелері мен оларды талдау. Зерттеу эксперимент түрінде жүргізілді, ол Алматы қ.,
«Темірдос» спорт кешені, күрес секциясында бір ай ішінде, спорттық жетістіктерге ие, спорттық жетілдіру
тобының білікті балуандарымен өтті. Алдын ала әзірленген әдістеме бойынша зерттелушілердің бір тобына
жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру құралы ретінде монша процедурасын қолдану, ал екінші
тобына монша процедурасын салмақты азайту құралы ретінде қолдану ұсынылды. Содан кейін монша
процедурасы барысында спортшылардың тынысын өлшеу жүргізілді, мәліметтер хаттамаға енгізілді. Одан
әрі мәліметтерді өңдеу және нәтижелерге талдау жүргізілді. Соңында алынған мәліметтерді салыстырудың
педагогикалық талдауы жүргізілді. Зерттелушілер саны 20 адамды құрады, олар бірдей эксперименттік екі
топқа бөлінді. Зерттелушілердің біліктілігі: ҚР спорт шебері – 3 адам; ҚР спорт шебері кандидаты – 7 адам.
Балуандардың салмағын тиімді басқару – оның жарысалды дайындығының маңызды аспектісі және
жарыстарда сәтті өнер көрсетудің кепілі, сонымен қатар оның спорттық ұзақ өмір сүруінің маңызды
факторы болып табылады [2]. Салмақты «азайту» процесін бұлшықетіне тиіспей, қордағы май мен су
есебінен дене салмағын азаятындай етіп жасау керек. Боксшыларға, күресшілерге 3,5 кг артық салмақ
тастау ұсынылмайды. 18 жасқа дейінгі жас шамасында салмақты «азайтуға» тыйым салынғанын есте
сақтау қажет. Спортшының жетілуші ағзасына зиянсыз айына 0,5 кг артық емес салмақ тастай алады.
Спорттық практикада салмақты азайтудың үш түрі бар: күшейтілген (3-5 күн), жылдамдатылған (1-2 апта)
және ұзақ (3 айға дейін). Күшейтілген түрінде дене салмағын азайту көбінесе сұйықты қолдануды шектеу
және тер арқылы көп суды жоғалту есебінен болады (жылы киіммен жаттығу, бу моншасы). Сонымен қатар
ағзаның кенет гидратсыздануы нәтижесінде қанда өзгерістер болады: ол қоюланады, оның тұтқырлығы
жоғарылайды. Нәтижесінде жүрекке күш түседі, қан ұю қауіптілігі туындайды. Бүйректе, өт қабында
уақыты жеткенде тастар пайда болуы мүмкін. Электролиттік алмасу бұзылады, бұлшықет және бауырмен
гликоген жойылады. Мүшелер мен ұлпаларға оттегі мен қоректік заттарды тасу қиындайды, жұмысқа
қабілеттілік төмендейді. Мұндай қысқа мерзімде май салмағының азаюы болмайды.
Салмақты ұзақ реттеу ағза үшін парықсыз емес. Спортшының өсуі баяулайды, зат алмасу бұзылады,
гемоглобин мөлшері төмендейді. Зерттеу нәтижесінде салмақты біртіндеп реттеудің (1-2 апта) жөнділігі
белгіленді. Моншада болу адамның жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің едәуір өзгерісіне әкеледі.
Жүрек қысылуының жиілігі моншада болғанға дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда 60-70%
жоғарылайды. Моншада шеткі кедергінің төмендеуі және тері тамырларында күретамыр-көктамырлық
шунттардың ашылуы салдарынан шеткі қан айналу күшейтіледі. Сырт терісі және ішкі ағзаның
температураларының өзгеруіне байланысты бу бөлмесінде болған кезде дененің барлық жүйелері мен
мүшелерінде қанның айналуы өзгереді.
Жаттығу жұмысында және көбінесе салмақ тастауда спортшылардың ағза жүйелеріне бу моншасының
әсеріне арналған әдебиет көздерін зерттей отырып, біз жарысалды кезеңде салмақты азайту мақсатында бу
моншасына бару кезеңінде жүрек соғысын өлшеу бойынша спортшылармен, күреспен
шұғылданатындармен зерттеу жүргіздік.
Жүрек қағысының жиілік серпінін зерттей отырып, төмендегі кестеде көрсетілген нәтижені алдық.
1-кестеде бу моншасын қолдану әдісімен салмақты азайту бойынша зерттелетін эксперименттік
топтың салмағының өзгерісі туралы мәліметтер келтірілген.