Ғылыми зерттеудің мақсаты. Бу моншасын қолданудың әдістемесін, оны әрі қарай жетілдіру үшін
балуандардың салмақ азайту және жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру процесін зерттеу.
Ғылыми зерттеудің зерттеу әдістері. Зерттелетін мәселе бойынша нақты мәліметтер алу, сондай-ақ
зерттеу әдістерін анықтау мақсатында дайындықтың әр түрлі кезеңдерінде балуандардың оқу-жаттығу
және жарыстық процестерінде қалыпқа келтіру шараларын жүргізу мәселелері бойынша арнайы ғылыми,
ғылыми-әдістемелік әдебиеттер зерттелінді. Əдебиеттік талдау мәліметтері ішкі педагогикалық міндет
тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ физикалық тәрбиелеу және спорттық жаттығулардың жалпы теориясы
мен әдістемесі, спорттық күрестің теориялық негіздері мен әдістемесінің нақты қолданыстағы ережелерін
қосқанда, монша процедураларының балуандар дайындығының оқу-жаттығу процесінде қолданудағы әсер
ету ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік берді. Жүрек қағыс жиілігін зерттеу кәріжілік артериясы немесе
ұйқы күретамырында 1 минутта соғуын санау жолымен жүргізілді, мәліметтер хаттамаға енгізілді. ЖҚЖ
өлшеу салмақ азайту барысында спортшылардың жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру деңгейін
және жүрек-қан тамырлары жүйесіне жүктеменің деңгейін анықтау мақсатында бу моншасына бару
барысында зерттелушілердің өзімен жүргізілді.