Қорытынды. 3х3 баскетбол қазіргі заманда қарқынды дамып келе жатқан жас спорт түрі болып
табылады. Классикалық баскетболдан өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар бұл спорт түрі
алғаш рет Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген болатын. 2020 жылы Токио қаласында өтетін
жазғы Олимпиада ойындарында спортшылар алғаш рет 3х3 баскетболы бойынша бәсекелестікке түсіп
жүлделі орындарға таласа алады. Бұл спорт түрінің жастығына қарамастан соңғы жылдары қарқынды
дамып, бүкіл дүние жүзіне таралғанын айта кету керек. Көптеген спортшылар 3х3 баскетболмен кәсіби
түрде айналасып, әртүрлі халықаралық жарыстарға қатысуда. Көп мемлекеттердің Баскетбол
Федерациялары бұл спорт түріне қаржы бөлуде және құрама командаларды дайындауда. Əлемдік аренада
Қазақстан құрама командасы да биік белестерді бағындырады деп сенім білдіреміз.