Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет368/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

1-кесте    ‒ 
Жас  спортшылар  үшін  тәуліктік ұсынылған тамақтану рационының  негізгі құрамдары мен энергиялық 
құндылығы
 
 
Жасы 
Нәруыздар (г) 
Майлар (г) 
Көмірсулар (г) 
Құнарлылығы (ккал) 
12-13 жас 
130,0 
120,0 
520,0 
3800 
14-15 жас 
150,0 
140,0 
640,0 
4500 
16-17 жас 
171,1 
120,0 
803,0 
5000 
18-19 жас 
180,0 
135,0 
880,0 
5500 
 
Кестеден  7-10  сыныптарда  оқитын  14-17  жастағы  спортшылардың  тәуліктік  тағам  рационының 
құндылығы  4500-5000  ккал  шамасында  белгіленген.  Осымен  қатар,  тәуліктік  рационда  негізгі  қоректік 
заттардың да мөлшерлері де жеткілікті шамада қарастырылған. Ақуыздар мөлшерінің көрсеткіштері 7-8 
сыныптағы спортшылар үшін 150 г., 9-10 сыныптағы спортшылар үшін – 171,1г., майлар 7-8 сыныптағы 
спортшылар  үшін  140  г.,  9-10  сыныптағы  спортшылар  үшін  –  120  г.,  ал  көмірсулар  7-8  сыныптағы 
спортшылар үшін ‒ 640 г., 9-10 сыныптағы спортшылар үшін – 803 г. шамаларында анықталған. 
Жас  спортшылардың  тағамдық  рациондарының  құрамы  да  физиологиялық  және  гигиеналық 
талаптарға  сай,  энергия  мен  қоректік  заттарға  ғылыми  негізделген  қажеттіліктерін  ескере  отырып 
құрастырылғанын атап өтуге болады.  
Төмендегі  2-кестеде  жас  спортшылар  үшін  жалпы  тәуліктік  энергиялық  құндылықты  3800  ккал 
деңгейінде қамтамасыз ететін тағамдық өнімдердің жиынтықтары беріліп отыр. 
Кестеден көрініп тұрғандай, жас спортшылардың тағам рационына барлық негізгі тағамдық азық-түлік 
топтары енгізілген – ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, тағамдық 
майлар  (өсімдік  тектес  және  жануар  тектес  майлар),  нан  және  нан-күлшелік  тағамдар,  жармалар, 
макарондық өнімдер, көкөністер, жемістер мен жидектер. Жас спортшыларды осылай тамақтандырғанда 
ғана  өскелең  жас  палуан  организмі  барлық  қоректік  заттармен  және  энергиямен  қамтамасыз  етіледі. 
Керісінше,  рационнан  кейбір  тағам  түрлерін  алып  тастау  немесе  кейбір  тағам  түрлерін  артығымен 
қабылдау жас спортшылар денсаулығы жағдаятының бұзылыстарына әкеліп соқтырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет