«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
189
ҚАЗАҚ КҮРЕСІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫНЫҢ
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ш.А. Балгимбеков
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
Е.М. Мұхиддинов
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
К.А. Абдреимова
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
Ш. Болатқызы
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
Аңдатпа.
Мақала қазақ күресімен айналысатын жас спортшылардың дене құрылысының дұрыс өсіп-дамуында,
денсаулығын сақтау мен нығайтуда маңызды роль атқаратын тамақтанудың физиологиялық-гигиеналық мәселелеріне
арналған. Жас палуандарды тамақтандыруда қазіргі кезде ұсынылған рацион құрамындағы ақуыздар, майлар және
көмірсулардың мөлшерлері бойынша ғылыми негізделген мәліметтер берілген. Жас спортшылар үшін жалпы
тәуліктік энергиялық құндылығын 3800 ккал деңгейінде қамтамасыз ететін тағам рационына ет және ет өнімдері,
балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, тағамдық майлар (өсімдік және жануар тектес майлар), нан және
нан-күлшелік өнімдер, жармалар, макарондық тағамдар, көкөністер, жеміс-жидектер енгізілген. Сонымен қатар,
дайындық жаттығулары кезінде, жарыс алдында және жарыс аяқтала салысымен жас палуандарды тамақтандыру
бойынша ұсыныстар жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: