«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
210
Кез келген дене қалыптасуының типі ұлпалардың даму ерекшелігінің дәрежесіне қарай үшке бөлініп
сипатталады. Эмбриондағы жапырақшалардың үш туындысына сәйкес және олардың өзара ерекше
дамуына байланысты, автор, адамның тұлға қалыптасуын үш негізгі типке бөлді:
Дене формасының домалақ, ішінің шығыңқы, қол және аяқтарының жұмсақ, иықтары мен санда-
рындағы майлы қабаттарының айқындығы, қол және аяқ дистальді бөліктерінің жіңішкелігі; дененің
көлденең өлшемінен дененің алғы-артқы өлшемдері, соның ішінде кеуде қуысы мен жамбас өлшемдері
асып түседі – бұл эндоморф.
Бірақ, бұл конституциялық типтер таза айқындалған түрде сирек кездеседі, әрбір индивидте аталған
үш типтің азғана конституция компоненттері кездеседі. Сондықтан әрбір компонент бөлек жеті балды
жүйемен бағаланады: 1 балл ‒ өте әлсіз типі, 2 – әлжуаз, 3 – ортадан төмен, 4 – орта, 5 – ортадан жоғары, 6
– мықты, 7 ‒ өте мықты. Бағалаудың жиынтығы (тоғыздан төмен емес және он екіден жоғары емес) үш
қатарлы санмен белгіленеді. Бірінші саны эндоморфты типтің элементтерін сипаттайды.
Сонымен айта кету керек, аталған әдістер күшті жаттықтыру теориясы мен практикасында кеңінен
тараған. Бірақ, ғылыми тұрғыдан қарасақ, аталған әдістер күш және бұлшықет салмағын арттыру үшін
дәлдіктен алшақтау. Мысалы үшін, максимальді, изометриялық, изокинетикалық күш салу әдістері
жаттығуды қайталай орындау
әдісінің класына жатады [4].
1. Максимальді күш салу әдісі.
Бұл субмаксимальді, максимальді және супермаксимальді ауыр-
лықтармен жаттығуларды орындау негізінде жүзеге асады. Əдістің практикалық қолданылуында бірнеше
әдістемелік амалдар белгілі:
а) «Максимальді» ‒ жаттығу максимальді мүмкіндігі жететін ауырлықпен орындалады, яғни ауырлық
салмағы 100%-ке тең. Жаттығу 1 – 2 рет қайталау санымен. Жақындаулар (подходы) саны 2 – 5 рет,
олардың арасындағы демалыс орындалады.
ә) «Субмаксимальді» ‒ жаттығу ауырлық салмағының максимальдіге жуық 90 ‒ 95%-мен орындалады,
қайталау саны 2 – 3 рет. Жақындаулар саны 4 – 5 рет, олардың арасындағы демалыс 3 – 5 минут. Жаттығуды
орындаудағы қозғалыс ырғағы (темп) еркін түрде орындалады.
2. Изометриялық күш салу.
XX ғасырдың басында атақты орыстың күш иегері, атлет А. Засс (Самсон)
өзінің тәжірибесінің арқасында осы әдісті практика жүзінде қолданды. Бұл әдістің мағынасы бұлшықет
қалпының тоникалық (статикалық күй) күйімен сипатталады, осы кезде денеде қозғалу болмайды.
Циклдардағы изометриялық жаттығулар буындардың бұрыштарының белгілі бір қалыптарында
немесе мөлшерлерінде тиімді қолданылады. Изометриялық жаттығуларды максимальді күш жұмсаудың
пайда болу сәттерінде келістіріп қолдану мақсатты болады.
Сонымен қатар, изометриялық жаттығулар статистикалық элементі арнайы жаттығуларда
мазмұндалатын спорт түрлерінде тиімді. Мысалы, күрестің барлық түрлерінде көптеген қозғалыстар
статистикалық қуаттылықпен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: