Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
 
№ 1 Дәріс  
Тақырыбы: 
Кіріспе  Биоиндикациялау  пәні,  мақсаты  мен  міндеттері. 
Биоиндикацияның  қолдану  салалары.  Биоиндикация  туралы  ілімнің  дамуы 
және қазіргі кездегі жағдайы.Биоиндикацияның экологиялық негіздері  
Дәріс мазмұны:  
1.
 
Биоиндикация пәні. Мақсаты мен міндеттері  
2.
 
Биоиндикацияның қолдану салалары 
3.
 
Биоиндикация қағидасы мен теориясы 
 
Мақсаты: 
Биоиндикация  ұғымы  мен,  оның  зерттеу  обьектілерімен 
танысу.Биоиндикацияның қолдану салаларын анықтау  
1.Биологиялық 
индикациялау 
қоршаған 
ортаның 
күйін 
тірі 
организмдердің реакциясы  бойынша  анықтау  проблемасы  –  кезек  күттірмес 
мәселе  және  әлемнің  көптеген  елдерінде  қолға  алынған.  Биологиялық 
индикаторлар 
ретінде 
микроағзалар, 
өсімдіктер 
мен 
жануарлар 
пайдаланылуы мүмкін. Дегенмен, бұл антропогендік факторларға төзімділоігі 
бойынша  және  солардың  мысалында  биоиндикация  шешетін  проблемалар 
тұрғысында  қарағанда,  мүлдем  өзге  ағзалар.  Әдетте  өсімдіктер  қоршаған 
ортаның шаруашылық әрекеттер, өнеркәсіптің қалдықтары арқылы ластануы 
нәтижесінде  бұзылуының  жақсы  көрсеткіші  болып  табылады.  Жануарлар 
физиологиялық жағынан адамға жақын обьект ретінде қызықтырады.  
2. Биоиндикацияның қолдану салалары 
Биоиндикация  мәнін  неміс  ғалымы  Г.Стокер  толық  анықтаған. 
Ғалымның  пікірінше,  биоиндикация  мәні  келесі  ерекшеліктерге  негізділеді: 
1)  ортаның  түрлі  факторларының  әсеріне  ұшырап  отырған  биологиялық 
лбьектілер мен жүйелердің сипатының өзгерісін бағалау үшін қолданылады; 
2)  биоиндикация  биологиялық  қорытындыны  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
«Жер беті экожүйелерінің ластануының биоиндикациясы» ғылыми еңбектер 
жинақтарына  сүйене  отырып,  көптеген  қоршаған  орта  күйін  бағалау 
әдістерінің  жүйедегі  өзгерістерді  қайтымсыз  жағдайда  анықтауға  мүмкіндік 
беретінінін  көреміз.  Ал,  биоиндикацияның  артықшылығы,  өзгерістерді 
олардың  ерте  даму  кезеңінде  алдын-алу,  биологиялық  жүйенің  түрлі 
деңгейлеріндегі  өзгерістерді  зерттеу,  биоиндикацияның  түрлі  формаларын 
бірнеше белгі және түрлі фактор әсері бойынша жіктеу болып табылады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет