Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. Биоиндикация деңгейлері 
Тірі  жүйелердің  алуан  түрлі  химиялық  және  физикалық  факторларға 
бірігіп 
әрекеттесуіне 
реакциялары 
төмендегідей 
ерекшеліктерімен 
сипатталады.  Әсерлердің  жиындарының  интегралдығы  мен  кумулятивтілігі, 
әлсіз дозалардың жануарлар мен өсімдіктер ағзаларына әрқилы әсері, күрделі 
ұйымдастырылған  экожүйелерде  әр  түрлі  «қабаттарда»  жергілікті 
ықпалдардың  бірізділік  процестердің  және  түпкі  зардаптардың  бар  болуы. 
Техногенді, жасанды экожүйеде тұрақтаған адам ағзасының реакциясы қиын 
болжанатын сипатқа ие болады.  
Қазіргі  уақытта  «тұрақты»  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  
шарттарының  бірі  адам  мекендейтін  табиғи  ортаның  сақталуы  мен  зиянды 
әсерлерден кейін қалпына келтіру екені белгілі.  
Экологиялық  қауіптілік  пен  тәуекелді  тек  антропогенді  әсердің  күші 
немесе  басымдылығы  жағынан  бағалау  жеткіліксіз,  кейбір  жүйелердің 
биологиялық  қасиеттерін  де  ескерген  жөн.  Осыған  сәйкес  экологиялық 
мониторинг  жүргізу  әдісінің  екі  түрі  бар:  физикалық-химиялық  және 
биологиялық  (биомониторинг).  Мониторингтің  кез-келген  түрінде  өзіне  тән 
шектеулері  бар.  Сапалы  бағалау  және  табиғи  ортаның  жай-күйін  болжау 
барысында  аталған  мониторинг  түрлері  үйлесім  тапқан  дұрыс.  Қорыта 
айтқанда, физикалық-химиялық және биологиялық бақылау түрлері бір-бірін 
теріске шығармайды, керісінше толықтырады  
Антропогенді  ластанулар  тірі  ағзаларға,  сонымен  қатар,  адамдарға  да 
бірлесу  арқылы  кешенді  түрде  әсер  етеді.  Олардың  интегралды  ықпалын 
жеке  ағзалар  немесе  бірлестік  реакциялары  арқылы  ғана  бағалауға  болады. 
Егер  улағыштықты  бағалауға  аналитикалық  әдістерден  басқа,  ортаның 
жануарларға  биологиялық  диагностикасы  кірсе,  онда  ластанған  суларға, 
тағамға  қосылған  химиялық  қосындыларға,  ауаның  ластануына  адамның 
әсерін  болжау  құқықты.  Одан  бөлек,  көптеген  ксенобиотиктер  (биосфера 
үшін  бөгде  заттар)  ағзада  аз  мөлшерде  жиналып,  нәтижесінде  аз 
концентрация  болса  да,  ағзадағы  патологиялық  өзгерістерге  алып  келеді. 
Соңында,  көптеген  биологиялық  белсенді  қосылыстардың  аз  мөлшердегі 
дозасының  парадоксты  әсері  белгілі  болды.  Ең  әлсіз  дозалары  орташа 
дозадағы концентрациясына қарағанда, ағзаға күшті әсер етеді.  
Физикалық-химиялық  әдістен  басым  түсетін  биоиндикация  және 
биотестілеу әдістері ағзалардың жауап реакцияларының интегралды сипатын 
алу үшін төмендегідей жағдайлармен жүзеге асады: 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет