Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет19/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 

 
қоршаған  ортада  барлық  биологиялық  маңызды  көрсеткіштерді  жинақтап 
және оның күйін толықтай көрсетеді; 

 
қоршаған табиғи ортадағы ластаушы кешендердің болуын анықтайды; 

 
созылмалы  антропогенді  жүктеме  шарттарында  биоиндикаторлар  өте  әлсіз 
доза аккумуляциясын сезіне алады; 

 
қоршаған ортада болып жатқан өзгерістердің жылдамдығын есепке алады; 

 
экологиялық  жүйелердегі  әртүрлі  ластанулардың  жолдары  мен  орындарын 
көрсету арқылы улы заттардың адам ағзасына түсу мүмкіндігін анықтайды. 
Биологиялық  жүйенің  жағдайы  (ағза,  популяция,  биоценоз)  түрлі 
деңгейде  табиғи  және  антропогенді  факторлар  әсерімен  сипатталып, 
қоршаған орта шарттарымен бағаланады. 
Биоиндикаторлардың  индикаторлық  мәнділігі  биологиялық  жүйенің 
экологиялық  толеранттылығымен  анықталады.  Толеранттылық  шеңберінде 
ағза  өз  гомеостазын  ұстап  тұруы  қажет.  Егер  кез-келген  фактор  «жайлы 
белдемнен»  асса,  онда  ол  ағзаны  күйзеліс  жағдайға  алып  келеді.  Осы 
жағдайда  ағза  әр  түрлi  қарқындылықта  және  ұзақтықта  оған  жауап  беріп, 
оның индикатор құндылығының көрсеткiшi болып табылады. Биоиндикация 
әдістері  ағза  жауабының  реакциясын  анықтайды.  Биологиялық  жүйе  жеке 
факторларды  ғана  емес,  толық  ортаны  да  сезіне  алады.  Физиологиялық 
толеранттылық тербелiстерінің амплитудасы жүйенiң iшкi күйiмен - қоректiң 
шарттарымен, 
жасымен, 
генетикалық 
тұрақтылығымен 

модификацияланады 
       
Әр  түрлi  елдердiң  ғалымдарының  көп  жылдық 
тәжiрибесі 
қоршаған 
ортаның 
тірі 
индикаторларының 
келесі 
артықшылықтарын көрсеттi: 

 
созылмалы антропогенді жүктеме шарттарында кумулятивті әсер 
еткен жағдайда әлсіз дозаны сезіне алады;  

 
жиынтық  доза  жүктемелерiн  кейбiр  ауыспалы  мәндердiң 
реакцияларын көрсетедi; 

 
биологиялық  маңызды  әрекеттердің,  түрлі  антропогенді 
ластанулардың қоршаған ортаға әсерін бағалайды; 

 
қоршаған ортаның күйін сипаттайтын физикалық және химиялық 
параметрлерінің қажеттілігін айқындайды; 

 
болып жатқан өзгерістердің жылдамдығын есепке алады; 

 
қоршаған орта дамуының тенденцияларын ашады; 

 
экологиялық жүйелерде ластанулардың жолдары мен орындарын, 
тағамға түсу мүмкіндігін көрсетеді; 

 
тiрi табиғат үшiн кез-келген адаммен синтез жасалатын заттарды 
зияндылығының дәрежесi бойынша бағалауға рұқсат етедi және өзi олардың 
iс-әрекетiн бақылауға мүмкiндiк алады. 
Биондикация мақсатында пайдаланатын тірі ағзалардың жауап беруіне 
орай  екі  түрге  бөледі:  арнайы  және  арнайы  емес.  Арнайы  түрге  ие 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет