2 Дәріс
Тақырыбы Биоиндикатор ретінде өсімдіктерді қолдану
Дәріс мазмұны
1 Өсімдік индикаторлары туралы ілімнің дамуы мен қазіргі кездегі
жағдайы.
2.
Биоиндикатор ретінде өсімдіктерді қолдану
Мақсаты:
Фитоиндикация жзәне фитоиндикаторлар туралы білім
беру.
Фитоиндикация
өткен ғасырдың аяғында В. В. Докучаев пен Е.
Варминг және басқа да ғалымдардың теориялық болжамдарының негізінде
дамығандығын, жалпы және табиғаттағы элементтердің өзара байланыстары
мен бір элементтің өзгеруі арқылы басқаларының өзгеріске ұшырайтындығы
жайлы айтуға болатындығын айтқан. Өсімдіктер жамылғысының
индикациялық маңызы өте зор болып табылады. Себебі, ол табиғаттағы басқа
элементтердің арасынан ол бақылау жасауға өте жеңіл, сезімтал және
ыңғайлы. Ф. Клементестің өсімдік индикаторлар жайлы айтуы бойынша,
өсімдік және өсімдік қауымдастығы өзі өсіп тұрған ортаның жағдайларының
ең жақсы көрсеткіші, бұл орта ерекшелігін көрсететін ерекше бір «құрал».
Өсімдіктер жамылғысы сипаты бойынша, ауылшаруашылығында және де
басқадай жағдайларда жерді пайдалануда, топырақтың маңызды қасиеттерін
анықтап (құнарлылық, тұздылық, ылғалдылық және т.б.) тез баға беру үшін
керек болған фитоиндикацияның практикалық қажеттілігі, оның дамуына
ықпал етті. Сонымен қатар соңғы кезде өсімдіктерді зерттеудің
дистанционды әдісінің (аэрофотосуретке түсіру және т.б.) пайда болуымен
фитоиндикацияның практикалық мүмкіншілігі кеңейе түсті.
Өсімдік индикаторларын зерттеу тарихы және экологияның соған
сәйкес сұрақтары Клементс (1920), Мейенцер (1927), Сэмпсон (1939),
С.В.Викторов (1955) еңбектерінде қарастырылады. Үзілмелі мағлұматтар
|