Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
визуалды әдіс; биохимиялық әдісі, тұқым өсіру әдісі
жасанды
тіршілік әдісі
; макроқұрылымның элементтері дөңгелек пропорциясы
бойынша жүргізілетін әдістер.
Атмосфераны ластаушылардың әсері мен ауа тазалығының
биоиндикациясын бағалау үшін төмендегідей әдістер жүзеге асырылды:
ботаникалық, физика-биохимиялық, морфо-биометриялық, биофизикалық,
дендрохронологиялық, популяциялық және биогеоценоздық.
Жалпы заңдылықтан ауытқу кезінде түрлі өсу аномалиялары және
өсімдік дамуы биоиндикатор ретінде жиі пайдаланылады. Алыптық пен
ергежейлілікті көптеген зерттеушілер кемістік ретінде санайды. Мысалы,
мыстың топырақтағы көп мөлшері калифорниялық көкнәрдің өлшемінің екі
есе азаюына, ал қорғасынның молдығы сылдыршөптiң ергежейлiлiгiне алып
келедi. Биоиндикация мақсатында өсімдіктер деформациясына көп
қызығушылық танытылады (3-сурет). Ондай деформацияларға келесі
өзгерістер жатады.
a.
фасциация – сабақтар, тамырлар мен гүлдiлердің жетілуі және
таспа тәрізді жазықтануы;
b.
аталық гүл жапырақтарға айналған гүлдердегі түктілік;
c.
пролификация – гүлшоғырлар мен гүлдердің өсуі
d.
асцидия – пластинкалы жапырақты өсімдіктерде шұңқыр сияқты,
көрінгіш және түтiк тәрiздi жапырақтардың орналасуы;
e.
редукция – өсімдік ағзасының кері дамуы, құлдырауы;
f.
жiп тәрiздiлiк - жапырақ тақтаның нитчатка пiшiнi; аталықтардың
филлодийы - жазық парақ сияқты бітімге айналуы (4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |