Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
байланысты  зерттеу  нәтижесінде  В.В.Докучаев  «топырақ  пен  онда  өсетін 
өсімдік ағзаларының тұрақты қатынасы туралы заң» қабылданды (1951).  
2. Биоиндикатор ретінде өсімдіктерді қолдану 
Өсiмдік биогеценоздың маңызды компоненттерінің бірі және биоталық 
қауымдастықтардың тiршiлiк әрекетін қамтамасыз етеді. Өсiмдiктiң әр түрлi 
сыртқы белгісінің өзгерiсi биогеоценоздың күйiне әсер етіп, диагностикалық 
белгiлер  ретінде  қолданылады.  Қоршаған  ортаның  ластануына  орай 
өсімдіктерді  биоиндикатор  ретінде  пайдалану  тамыры  тереңге  кетіп,  өткен 
ғасырда басталған. Бiрiншi бақылауларды ертедегі ғалымдар өсімдіктің өсiп 
шығуының  шарттарымен  түрлік  байланысына  көңiл  аударды.  Ресейде 
өсiмдiктердi  биоиндикация  ретінде  пайдаланудың  негiзiн  салушысы, 
топырақтың  дамуының  ерекшелiктерiне,  төселген  тау  жыныстары  және 
шөптесiн  жамылғының  құрамына  баға  берген  П.  Карпинский  болып 
есептеледі. 
Су  тереңдігін  анықтау,  тұздану  шамасы,  геохимиялық  аномалиялар 
және  өзге  де  практикалық  жұмыстар  жүргізу  мақсатында  биоиндикация 
саласы ретінде фитоиндикацияның ХІХ ғасырда негізі қаланды.  
Өсімдіктерді 
қолдана 
отырып, 
барлық 
табиғи 
ортаның 
биоиндикациясын 
жүргізуге 
болады. 
Индикаторлы 
өсімдіктер 
тыңайтқыштардың  механикалық  және  қышқылдық  құрамын,  тұқым 
таратуын,  тұздану  мен  ылғалдану,  сулардың  минерализациялану  деңгейін 
және  ауаның  газ  күйдегі  улағыштармен  ластануын,  су  қоймаларының 
полютанттармен  зақымдалуын  бағалау  мақсатында  қолданылады.  Мысалы, 
қорғасынның  мөлшерін  топырақ  құрамында  бозоттың  түрлерi;  мырыштың 
мөлшерін - шегiргүл түрлерi; мыс және кобальттың мөлшерін - сылдыршөп, 
көп дәндi дақылдар және мүктер түрлері көрсетеді.  
Сезгіш  фитоиндикаторлар  ластағыштың  зат  құрамында  немесе  ауада, 
жерде бар болу қаупін ерте морфологиялық реакциямен білдіреді – мысалы, 
жапырақ  түсінің  өзгеруі  (хлороздың  пайда  болуы,  сары,  қызғылт,  сұр  түске 
боялуы). Кейбір көпжылдық өсімдіктерде улағыш заттар мөлшерінің, түрінің, 
жасуша сандарының, тұқым беру қарқындылығының өзгеруіне алып келеді. 
Бөлек  құрамды  заттарға  жоғары  деңгейдегі  сезгіштік,  улы  заттардың 
жинақталуы  жауап  реакциясының  фитоиндикациясын  жасауға  мүмкіндік 
береді.  Сол  себепті  өсімдіктер  арасынан  полютанттарды  жинақтау  жоғары 
сезгіштікке ие биоиндикаторларды таңдайды. 
Соңғы  онжылдықта  отандық  және  шетелдік  ғалымдар  өсімдік 
түрлерінің  түрлі  аспектілеріне  антропогенді  фактор  әсерін  білу  мақсатында 
көптеген материалдарды жинақтады.  
Өсімдіктердің  түрлі  күйзелістерге  төзімділігін  диагностикалық 
әдістерді  пайдаланбай  білу  мүмкін  емес.  Қазіргі  уақытта  көптеген 
төзімділікті  бағалайтын  жанама  әдістер  іске  асырылды:  өсімдік 
шыдамдылығын  түрлі  шкаламен 
                       
,  категориялармен  көрсететін 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет