Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Жеке аймақтарға және өсімдіктер типіне арнайы индикациялық шкалалар,
кестелер мен сұрақ кітапшалар жасалынған, олар өсімдікке қарап топырақ
жемістілігінің
деңгейін
бағалауға
мүмкіндік
береді.
Топырақ
қышқылдылығы индикациясы
өсімдіктер жамылғысында ацидофильдер,
базифилдер, нейтрофилдер болуы мен қалыптасуында жүргізіледі.
Топырақ тұздылығының индикациясы өсімдіктер жамылғысында галофит-
өсімдіктер пайда болуымен және олардың басымдылығы, әр түрлі галофит
түрлерінің басым және сандық қатынаста мүмкін болатыны анық. Кейбір
жағдайларда өсімдіктер жамылғысының сипаты тұздылық деңгейімен қоса,
топырақ ерітіндісінде тұз құрамын анықтауға да мүмкіндік береді.
Гидроиндикация
құрғақ аймақтарда аса маңызды. Ол өсімдік жамылғысы
арқылы жер асты суларының қасиетін анықтауда ықпал етеді Тереңдігі мен
сипаты, минералдардың және мерзімді ырғағының деңгейі т.б. Осылайша,
бұтақты жыңғыл – жартылай шөлдерде немесе шөлді жерлерде жер асты
суларының 1-7 м. дейін тереңдікте өседі, ал оптимум дамуы 1,8-ден 2,4 м.
тереңдікте болады. Шөлді өзендер қойнауында тұщы және жер асты
суларының индикаторлары болып кейбір бұталар: бұталы ащышөп – salsola
arbuscula, галостахис – halostaehys caspica т.б. келеді. Индикаторлардың
арнайы топтары бар, олар жер асты суларымен байланыспаған жоғары деңгей
суларын көрсететіндер (шұңғылда жоғары ағын сулары су тірегі деңгейіне
дейін өтеді). Оңтүстік Қазақстанда дала мен орманды дала осындай тұщы су
көзіне гигромезофиттер мен мезофиттер (қой бүлдірген – rupus saxatilis,
тобылғы – filipendulaulmaria, құрғақ айрауық т.б.) басым болатын шалғындық
шөптері мен қайыңдар жатады. Жер асты сулары индикаторлары болып
тамыр жер асты суларына жететін –
фреатофиттер
тобының
тамырларының тереңге кететін түрлері жататыны анық және суды
капиллярлы аймақ ылғалымен қолданатын
трихогидрофиттер
жатады (5 -
сурет А, Б).
Омброфит
өсімдіктер аса тереңге кетпейтін тамыр жүйесімен
атмосфералық жауын-шашын көмегімен өмір сүретін өсімдіктер (12 - сурет
В)
бұл
жағдайда
индикатор
ретінде
жарамайды.
|