Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
«флоралар» белгілі: «галмейлі» (Viola calaminaria және т.б.) - топырақтық
цинкқа бай екенін көрсетеді; «Серпентинитті» (немесе серпентинді)
серпентинатта магний көп; «даломитті», «мыстылы» (соның ішінде «мысты»
мүктер); кобальт, селеннің және т.б. индикатор - өсімдіктері. Тек метанды
жерлерге бейімделген өсімдіктер түрлері
металлофиттер
атауына ие болды.
Геологиялық фитоиндикацияда индикаторлы белгі болып, өсімдіктің сырт
пішінің өзгеруі де жатады (мысалы, тау жебіршөбі Балкан серпениттеріне
бейім, жерге жақын бойы, жапырақтарының суккулентілігі) және әсіресе
гүлдерінің түр түсі. Мысалы, ақ бадам магний әсерінен қызғылт түсті,
қызылсары эшольция мыс болғанда – көкшіл, жебіршөптің ақ гүлдері
серпениттарда – ашық күлгін түсті болады. Серпениттарда кейбір түрлер
формалары морфологиялық расса ретінде сипатталатыны тек емес.
Геологиялық фитоиндикация өсімдіктердің химиялық құрамының өзгеруіне
де негізделеді (пайдалы қазбаларды биохимиялық әдіспен анықтау).
Көптеген өсімдіктер белгілі бір элементтерді жинақтауға қабілетті екені
белгілі. Кейде мұндай жинақтау қасиеті кез-келген жағдайда, қоршаған
ортаның элементтері аз болғанда да жүреді де, мұндайда индикатор
қасиеттері болмайды. Мысалы, қайың тіршілік ету ортасына қарамай темір
мен марганецті жинақтайды, теңіз балдырлары – йод, сушырмауық плауны –
алюминийді, су жаңғағы - марганец т.б. жинақтайды. Осындай «өтірік
индикаторлар» тізімі геологияда жақсы танымал. Басқа жағдайларда сол не
басқа элемент концентрациясы өсімдік бойында тіршілік ету ортасында оның
асқан құрамында ғана көтеріліп (геохимиялық жазықта), мықты
индикациялық белгі ретінде болады. Егер өсімдіктердің құрамында
элементтің осы аймаққа әдеттегіден гөрі 5 немесе оданда көп есе жоғары
болса, ізену перспективті болады («биогеохимиялық аномалия»). Мысалы,
кейбір аудандарда никельді іздеуде әдеттегі дала селеуі, қой бетегесі,
шөлдала сұлыбасы сияқты түрлердегі концентрациясы арқылы табуға
болады; вольфрамды оның селеуде, суық жусанда және т.б. түрлерінде
жинақталған концентрациясы бойынша іздеудеуге болатыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |