Фитоиндикацияның
археологияда
қолданылуы.
Территорияны
мәдениттендіруде адам әрекетінің топырақ ортасында өзгерістер енгізуі (елді
мекен, жол, гидротехникалық құрылыс салу), осы құрылыстардың және осы
құрылыстар бұзылғаннан кейін де іздері көпке дейін сақталады, ол дегеніміз
олар соншалықты топырақ ерекшелігінен өзгеретін өсімдіктерде де кездесуі
тиіс. Өсімдіктердің индикаторлы қасиеттері осы себепті көмілген және қалып
қалған құрылыстар, тау жұмыстары, жолдар, қорғалған және ирригационды
жүйелерді іздеуде қолданылады. Әсіресе осындайда аэрофотосуретке түсіру,
өсімдік жамылғысының ерекше қасиеттерін биік «құс ұшуы биіктігінен»
түсіруде көмектеседі. Әдетте, өткен кездегі құрылыс орындарында
өсімдіктер бөліктері түр-түсі арқылы ерекшеленеді. Осы түс аномалиясы
азды-көпті геометриялық сызбалар түрінде, квадрат, дөңгелек т.б. ие болады.
|