Өсімдік жабынының индикаторлық белгілері
Индикаторлық белгі ретінде өсімдік жабынының алуан түрлі
көрсеткіштері қолданылады. Индикаторлық «критерилерді» Клементс екі:
жеке, жеке өсімдікке қатынасты, және ценоздық, өсімдік қауымдастығын
сипаттайтын топқа жіктейді.
Негізгі жеке белгілер қызметін таксономиялық (түр, туыс, тұқымдас,
алуан түрлілік) бірліктер қолданылады. Жеке белгілерге Паунд және
Клементс (сүректі өсімдіктер, жартылай бұталар, плейоциклдік шөптер,
дициклдік шөптер), Раункиер (фанерофит, хамефит, гемикриптофит),
Варминг (сүректі, суккулент, жатаған шөптер, жұмсақ сабақты жартылай
бұталар) жіктеулеріндегі тіршілік формалары жатады. Маңызды жеке
индикаторларға сонымен бірге, өсу формалары - өсімдіктердің жеке
дараларының құрылысындағы ерекшеліктер де жатады.
Ценоздық индикаторлық белгілер өсімдік қауымдастықтарында
«ассоциациялық»
сипатта
(колония,
ассоциация,
микротопшалар,
субклимакс) болады. Қауымдастықтың кеңістік құрылымдық белгілері
синузий ярстылығымен және ассоциация үйлесімділігінен көрінеді.
С.В.Викторов (1953) геоботаникалық индикаторлық белгілердің маңызды
классификациясын:
экологиялық-физиономиялық,
флористикалық,
|