Байланысты: Биоиндикационные методы иследования Умкд
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы
осылайша, Оңтүстік Англияда көне кельттік зираттар, Италияда этруссктік
қамалдар бұзылған құрылыстары табылып, Сирияда көне римдіктердің
шекаралық құрылысы – троялық вал табылған, ол көптеген километрлер
бойында эфемерлер бірлестігінің қалың жолында өтіп, әсіресе шөлдала
ксерофильді өсімдіктерінің негізінде ерекшеленеді. Орта Азияда өсімдіктер
арқылы ежелгі құбырлар мен арықтар жүйесі анықталған. Тундрада да
адамға серік - астық тұқымдастар жинақталуымен ежелгі маралды
тұрақтарды ашуға болады.
Фитоиндикацияны қолданудың әртүрлілігінің бәрін алғанда да оның
мүмкіндіктері шексіз. Маңызды шектеулердің бірі әртүрлі географиялық
аудандарда бір түрдің индикаторлы маңыздылығының байланысы ерекше
экологиялық талаптарымен жергілікті формалар негіздері нәтижесі бірдей
емес және экологиялық факторлар өзара ауыспалы күшінде болуы мүмкін.
Мысалы, өсімдіктер орталықта таралғаннан көрі ареалдар маңында
топырақты және басқа жағдайларға талаптылығы белгілі. Сондықтан белгілі
бір ауданға құрылған индикациялық кестелер әмбебапты (универсальды)
емес: басқа аудандарда осы түрлер мүлдем басқа жағдайларды индикациялай
алады. Оптимальді (оңтайлы) жағдайларда индикаторларды нашарлатуға
әкелетін табиғи байланысын тежейтін өсімдіктердің антропогенді бұзылуы
фитоиндикация мүмкіндіктерін шектейді. Өсімдіктердің орта факторларына
қатысы жөнінде толық мәлімет әрқашан жеткіліксіз, сондықтан
фитоиндикациялық зерттеулерде далалық бақылау жұмыстарын экологиялық
оптимумды анықтау үшін эксперименттермен толықтыру қажет.