Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
5 дәріс
Дәрі тақырыбы: Өсімдіктердің феноритімінің өзгеруі – интегралдық,
индикациялық көрсеткіш. Фенологиялық бақылау жүргізу. Феноспектр
құрылысы және оны талдау
Мақсаты:
студенттерге фенологиялық бақылау жүргізуді үйрету
және
өсімдіктердің феноритімін анықтау.
Фенологиялық зерттеу- бұл барлық экологиялық болжамның негізі.
Қаланың экожүйенің микроклиматтық өзгеруі қар түсу уақытына құстардың
қайтуы мен қыстануына қала жануарының түрлік және популациялық
өзгеруіне, ағаштардың гүлденуіне, вегетацияның жүруіне, кей түрлердің
гүлдеу уақытына байланысты және т.б. бірден әсерін тигізеді.
Абиотикалық, биотикалық және антропогентік факторлардың
жағымсыз өзгеруінің әсерінен өсімдіктерде генетикалық нормадан тыс
феноздардың ауытқуы байқалады кейде біреуінің екіншісіне қосылуы
фенофазының түсіп қалуы байқалады. Мысал үшін қатты құрғақшылықта
егіншілікті сақтауға арналған танап қорғаушы жолақтары бар жерде егілген
бидай фенофазаның барлығын тіпті толық дамыған тұқымның қалыптасуына
дейін өтеді. Ал қорғаусыз егістікте фенофазаның жүру уақыты қысқаруы
мүмкін, оның толамсыз өтуінің нәтижесі бидайдың уақ болуына және ерте
түсуіне әкеліп соғады.
|