Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Антропогендік фактордың әсерінен (өндіріс пен автокөліктің зиянды
тастандылары) ағаштарда дақтар пайда болады хлороз және некроз
өзгерістері және жарақаттануы, жемістердің жарақаттануы, жапырақтың ерте
түсуі - вегетативті мезгілінің біраз қысқаруы (біздің бақылауымызша кейде 1-
1,5 айға) болады.
Қала экожүйесінде автокөлікпен антропогендік әсерлерге ағаш
тектестердің мына түрлері: талшын (конский каштан), жөкенің барлық
түрлері, сүйір жапырақты үйеңкі (клен остролистный), шырша және қарағай
сезімтал болып келеді. Олар биоиндикатор ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ
антропогендік фактор түрлерінің барлығына әсерін тигізеді. Тек әр түрлі
түрлердің бірнеше қасиеттерін кешенді бағалай отырып, ойлаған мақсатқа
жетуге болады.
Өсімдіктер келесі фенофазаларға жіктеледі:
I. Шөптесін астық тұқымдастарда:
көктеу, түптену, түтікшеге шығу, жапырақтың пайда болуы, гүлдену,
жемістің пісе жетілуі, олардың пісуі, жеміс пен тұқым шаша бастауы.
II.
Ағаш тектес өсімдіктерде:
1.Қысқы тыныштық жазда бүршіктердің пайда болуы тәрізді, күзде
барлық жапырақ түсін өзгерткен уақытта басталады. Тыныштық күй былай
жіктеледі: тыныштық алды, терең тыныштық, еріксіз тыныштық.
2.
Көктемгі шырын қозғалысының басталуы (үйеңкі, қайыңда,
жүзімде). Фазаның басталуының белгісі қабықты тескеннен кейін шырын
тамшыларының пайда болуы.
3.
Бүршіктің ісінуі. Бүршік көлемінің өсуіне байланысты, қаптап
тұрған қабықша ашылған кезде басталады.
4.
Бүршіктің ашылуы. Ең алғаш жапырақтың ұшы пайда
болып,(қылқан жапырақтылар) бүршік қабы түседі.
5.
Жапырақтың жойылуы. Өте кішкентай, қыртысталған беті бар,
ашық жасыл түсті алғашқы жапырақтар пайда болады.
6.
Өркеннің өсуі. Бір түрлерде (қарағай) жапырақтың пайда
болуымен,
басқаларында
(терек,
жөке)
жапырақтарың
өсуі
кезінде,үшіншісінде (қандыағаш, қайың, балқарағай) жапырақтың пайда
болуынан кейін басталады.
7.
Жазғы вегетеция. Жапырақ пайда болып, олардың көлемі мен түсі
анықталған кезде басталады.
8.
Күзде жапырақтың түссізденуі. Күзге сәйкес жапырақтың түске
боялуынан басталады. Әдетте фазаның бірінші белгісі, ағашта бөле сарғайған
жапырақтары бар бұталардың пайда болуы болып табылады. Мәңгі жасыл
өсімдіктерде ол ең қарт жапырақтардың (қылқан жапырақтылар) өліуімен
сипатталады.
|