Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Индикатор белгілері
  ретінде белгілі бір орта  жағдайларын  көрсететін бүкіл 
өсімдік бірлестігінің әртүрлі белгілері (флораның құрамы, индикатор түрлер 
мен  экологиялық  топтардың  болуы  не  болмауы,  олардың  басымдылығы) 
және  жеке  өсімдіктердің  (сыртқы  пішіні,  морфологиялық  –анатомиялық 
ерекшеліктері  -  өсу  формасы,  бұтақтануы,  гүлінің  формасы  немесе  ерекше 
түсі  және  т.б.);  химиялық  құрамы,  жеке  физиологиялық  үрдістердің 
интенсивтілігі, 
мысалы, 
топырақтағы 
әртүрлі 
су 
ырғағындағы 
транспирацияның дәрежесі) бола алады.  
Топырақ  құнарлылығының  индикациясы  (топырақ  байлығы)  –
 
фитоиндикацияның практикада кеңінен қолданылатын бір бөлімі. Эуторфты 
немесе  олиготрофты  түрлердің  басым  болуы,  әртүрлі  «трофты»  өсімдіктер 
тобы  бойынша  сандық  қатынасы,  нитрофилдердің  немесе  топырақтың 
фосфорға бай екендігінің көрсеткіш индикаторы - өсімдіктердің болуы – осы 
деректердің  барлығы  топырақ  байлығының  дәрежесін  өсімдіктер  арқылы 
нақты бағалауға көмектеседі.  
Соның  ішінде  азот  қорының  молдылығына  жапырақтардың  жайқалып  өсуі 
және  олардың  қою  жасыл  түсті  болуы  көрсетеді  (тек  нитрофильді 
өсімдіктерде  ғана  емес).  Кейде  алыстан  қарағанда-ақ  қандай  да  бір 
жағдаймен  (жиі  зоогенді)  топыраққа  нитраттар  мен  амоний  тұздары 
жиналған жерлерде шалғын шөптесіннің үстінен қою дақты байқауға болады. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет