Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет30/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
№ 3 Дәріс 
Тақырыбы: 
Өсімдіктер  мен  өсімдіктер  жамылғысы  бойынша  топырақ-
грунттық жағдайлардың индикациясы  
Дәріс мазмұны:  
 
Мақсаты: 
Биоиндикацияда  қолданылатын  өсімдіктер  мен  өсімдіктер 
жамылғысы бойынша топырақ-грунттық жағдайларды түсіндіру 
  


 
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Фитоиндикация 
кең 
көлемде 
топырақ-грунттық 
жағдайларды 
анықтауда қолданылады. 
Фитоиндикация  нысаны  болып,  өсімдік  және  өсімдік  қауымдастығы  қандай 
белгілерді  көрсете  алады?  Бұл:  1)  топырақтың  қасиеті  (химиялық  құрамы, 
құнарлылығы, тұздалу дәрежесі, қышқылдылығы, ылғалдану ырғағы); 2) тау 
жыныстары мен грунттың құрамы және қасиеттері (геологиялық индикация), 
сонымен  бірге  келесідей  ерекшеліктер,  жаңа  тектоникалық  үрдістер;  3) 
топырақ  ортасындағы  антропогендік  өзгерістер  (барлық  ластану  түрлері) 
және өткеннің ізі (мәденилеу және түрлі бұзылыстар).  
Индикатор  ретінде  әсіресе,  белгілі  жағдайларға  үйлескен  және  экологиялық 
амплитудасы аз өсімдіктер түрі алынады. 
Мысалы, қара қандағаш  - кәдімгі қарағайға қарағанда топырақ  жағдайының 
сенімді  индикаторы,  себебі  оның  таралуы  эутрофты  ылғалдылығы  басым 
тіршілік  ету  ортасымен  шектелген,  ал  кәдімгі  қарағай  құрғақ  құмда  да, 
суланған  батпақ  массивінде  де  борды  тақыр  жерлерде  де  кездесе  береді. 
Индикаторларды  жағымды  және  жағымсыз  деп  бөледі.  Біріншісі  орта 
ерекшелігінің  сол  не  ол  емес  екеніне  көрсетеді  (мысалы,  гигрофиттердің 
басым  болуы  топырақтың  ылғалының  молшылығын)  көрсетеді.  Екіншісі 
белгілі жағдайларды қоспағанда тіршілік ортасын көтере алмауы немесе одан 
қашуы  (топырақ  ерітіндесіндегі  тұз  концентрациясының  жоғары  екендігін 
гликофит өсімдігі жоққа шығарады).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет