Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет95/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
жыл  бойы  үштік  және  төрттік  кеңістіктегі  сандық  сипаттама  әдіснамасын 
суреттейді. 
Медицинада  гистологиялық  тұрғыда  зардап  шеккен  жасушаларды 
компьютерлік есептеу дамыды, мысалы бұзылған жасушалар санын есептеу, 
қаралған  жолдар  санына  шектеу  қою,  себебі  бастапқыда  бұл  тәсіл 
биомедициналық  практикада  кейіннен  биологияда  қолданылды  .  Сандық 
бағалаудың келуіне қиын оқыту бағдарламасының келуі әсер етті, сондай-ақ 
талдау  қорытындылары  басқа  факторларға  ықпал  етуі  мүмкін,  мысалы 
қаралған жол санына, ауытқу саны мен сапасына және т.б. 
Алынған абберация саны мәліметтерін доза-эффект тәуелділігін құруда 
қолдануға  болады.  Бірақ  ғылыми  әдебиетте  абберация  санының  ағзаның 
зақымдануына әсері жайлы нақты қорытындылар жоқ. Гистологиялық талдау 
негізіндегі  ағзаны  бағалау  жағдайының  қорытындысы:  маңызсыз,  орташа 
және  қатты  зақымданулар.  Ағзаның  клиникалық  және  патоморфологиялық 
зерттеу  кезіндегідей,  жеке-абнормальды  есеп  сандық  әдіс  болып  табылады. 
Гистопатологиялық  әдістің  негізгі  мағынасы  –  ағзаға  токсиндердің  түсуін 
және  анықтау.  Сандық  әдістің  келешек  дамуы  мен  қолданылуы  жасушалық 
және ұлпалық деңгейдегі ағзаның әсерін түсінуге көмектеседі. 
Гематологиялық  талдау  әдісі  (микродеңгей)
 
ерте  деңгейдегі 
балықтардың  токсикозын  анықтауға  қолданылады,  себебі  қан  жүйесі  балық 
ағзасында  болатын  өзгерістердің  сезімтал  индикаторы  болып  табылады. 
Балықтардың  қан  жүйесі  токсиндік  әрекетке  патологиялық  көріністердің 
көптүрлілігімен әсер етеді. Токсиндік заттар гемоглобин құрамына ғана емес, 
лейкоцитарлық құрамның да өзгеруіне әсер етеді. 
Бірақ оның әсері нақты ауруларға сай емес, ол ағзаның интоксикациясы 
мен аурудың этиологиясын анықтайды. Ағзаның патологиялық ауруларында 
қан көрсеткіштері сыртқы белгілерге қарағанда бірінші пайда болады. 
Гематологиялық  талдауді  қабылданған  әдіс  бойынша  тірі  балыққа 
жүргізеді.  Қанды  талдауға  құйрық  артериясы  немесе  желбезек  доғасынан 
алады.  Гемоглобин  құрамын,  эритроцит  тұну  жылдамдығын,  қандағы 
эритроцит  пен  лейкоцит  құрамын,  патологиялық  элементтерді  анықтайды. 
Гематологияға  әйгілі  басқа  да  әдістерді  қолдануы  мүмкін.  Интоксикация 
жағдайында қандағы гемоглобин құрамы  өзгереді. Қанда полихромазия мен 
анизацитозды  анықтайды,  жасушаның  аномальды  бөлінуі  патологиялық 
формаға алып келеді . 
Физиологиялық  әдістер  (қызметтік  әдістер).
  Ағзаның  сублеталды 
шартта болуы күйзеліс, жауапты реакция процеске көптеген физиологиялық 
жүйенің  енуімен  байланысты.  Ағзаның  тыныс  алу  және  иондық  реттеу 
сияқты қызметтері сублеталды әсерді анықтауға көмектеседі. Тыныс алудағы 
өзгерістер  оттегі  көлемімен  және  көмірқышқыл  газының  шығарылуымен 
есептеледі.  Бірақ  бұл  әдістер  эксперименталды  зерттеулерде  көп 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет