130
Қорытынды
Қоғам мен жалпы білім беретін мекемелердің сұранысына сәйкес
мектептің бастауыш буынында көркем жазу пәнінің мәні зор. «Әдемі жазу да-
өнер» дедік, олай болса оқушының жазу дағдысын қалыптастыру, оны
жетілдіру мұғалімге зор міндет жүктейді. Оқушыларды жазу кезінде дыбыс
таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, айтылған ойды
жылдам жазуға, оқылған мәтінді есте сақтап жазуға үйрету де -өзекті
мәселелердің бірі.
Бір қарағанда әліпбидегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам
жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын
мәнінде, бұл дағдыларды мектепке алғаш келген оқушы бойында қалыптастыру
көп қиындықтарды жеңу нәтижесінде жүзеге асырылады. Жазба жұмыстарын
көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың
бір–бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс
таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға
әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен
анықтығы төмендейді.
Бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін білу
мұғалімнің, қазақ тілі сабағындығы көркем жазу минуттарын жоспарлай білу
сияқты жазуға үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктеріне сүйену
қажет.
Оқу- тәрбие жұмысында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз бетінше
еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша жазбаша жеткізе білуге үйрету
алға қойылып отырған мақсаттардың бірі болды. Бұл жұмысты қалыптастыруда
жат жазу, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор. Жазуға үйретуді
оқудан бөліп қарауға болмайды. Оқуға үйретудің алғашқы күнінен бастап
жазуға қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алғаш
білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында
арнайы мағлұмат беру керек. Бірақ мағлұмат берумен шектелмей, балалар
кітапшаларынан, журналдарынан ертегі, әңгіме оқытып, жаздырған жөн.
Жазуға төселдеру үшін шығармашылық пен ізденіс, шеберлік керек. Бұл
жұмыс жеңілден ауырға қарай күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда
дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп, жазуға төселдірген
дұрыс.
Жазу дағдыларын қалыптастыру және оны дамытып отырудағы негізгі
шарттардың бірі, әрі бастысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау
кезіндегі психологиялық ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Сынып
оқушыларының біреуінің немесе әрбір жеке оқушыда жазба жұмыстарын
орындау барысында әр түрлі психикалық өзгерістер болып отыруы мүмкін.
Ондай психологиялық өзгерістерді байқамаудың салдарынан орындалған жазба
жұмыстарының нәтижесі де әр деңгейде болады.
Жазу дағдыларын қалыптастыру мен одан әрі дамыту үшін сынып бөлмесі
мен оқушының жеке басына қойылатын гигиеналық талаптарды орындаудың да
131
маңызы зор. Сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен партаның
оқушы бойына сәйкес болуы және оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы,
оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын
сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануы– оқушылардың жазу дағдыларын
жақсы меңгеруіне қойылатын негізгі шарттардың бірі. Сабақта орындалатын
ауызша және жазбаша жұмыстардың түрлерін ескере отырып, мұғалім өз
сабағын жоспарлауда бұл талаптарға баса назар аударған жөн. Көлемді
жаттығу жұмыстарын орындату барысында оқушылар шаршайды, әрі көзі де
талады. Сондықтан сабақ үстінде минуттік демалысты ұйымдастыру, дене
қимылдар жаттығуын жасату тиімді.Оқушылардың жазу кезінде қойылатын
гигиеналық талаптарды орындауы оның мектепте оқыған барлық кезіңінде де
сақталынып отыру қажет.
Оқушы жазуының айқын болмау себебін біз көбінесе, оның жазуға жете
мән бермеуінен, дыбыс таңбаларының нақты формасын ұмытуынан немесе
жазу жылдамдығының өте жоғары деңгейде болуынан деп жүрміз. Сондықтан
аталған кемшілікті қайталамауға, айқын, көркем жаза алмаған жағдайда баяу,
асықпай жазуға кеңес берумен шектеліп келеміз. Бірақ бұндай түсініктемелер
мен кеңестер оқушының жазу дағдыларын дамытуға аздық етеді. Оқушының
жазу жұмыстарына жете мән бермеуі, дыбыс таңбаларының жазылу формасын
ұмытып қалуы ғана жазу айқындығы мен көркемдігін төмендетпейді. Сонымен
қатар оның әдемі, айқын жазуға деген шамадан тыс ұмтылысы да жазу
айқындығының төмендеуіне әсер тигізді. Яғни, оқушының жазу жылдамдығын
бірден емес6 бірте – бірте дамытып отыруы тиімді. Оқушы дыбыс
таңбаларының дұрыс жазылуын ұмытып қалады деу де бір жақты пікір, өйткені
оқушы баяу жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс жаза біледі де, тек жазу
жылдамдығы артқан кезде ғана асығыстыққа жол беріп, кемшілікке ұрынады.
Әсіресе, оқушылардың жылдам жазу кезінде н, п, и, к әріптері мен м, ш, т
әріптерін бір – бірінен ажырату көп қиындық келтіреді. Оның себебі оқушылар
бұл дыбыс таңбаларын үзіліссіз, бір бағыттағы қозғалыспен жазады да,
дыбыстардың өзіндік жазылу формасын сақтамайды. Әйтсе де жазу
айқындығын сақтап жаза алады.Жазу дағдыларын игеру үшін оқушы әрбір
дыбыс таңбаларының жазылу формасын, олардың бірі–бірімен қалай
жалғанатынын, жазу кезіндегі гигиеналық талаптарды, әсіресе, жазу
жылдамығы артқан кезде де жазу айқындығын сақтауды меңгеру шарт. Бұл
шарттардың барлығы да балалар бойында жазу кезінде нақты, тұрақты
дағдыларды қалыптастыру және оны дамыту барысында жүзеге асады.
Қорыта келе, бастауыш мектепте жазуға үйретудің жалпы негіздері:
1. Жазуға үйретудің психологиялық физиологиялық ерекшеліктерін;
2.Жазу дағдыларына машықтану кезеңдерін;
3.Жазуға үйретудің гигиеналық талаптарын;
4.Жазуға үйретудің әдіс – тәсілдерін қолдану жолдарының тиімділіктері;
5.Оқушы жазуына қойылатын талаптарды білу;
6.Графикалық, каллиграфикалық қателерді ажырата білу.
132
Достарыңызбен бөлісу: |