1
Балалар өмірінің әр кезеңіндегі суицид ерекшеліктері
Құндылықтар жүйесі адамның тақырыптық және әлеуметтік
шынайылығында, қоршаған заттар мен құбылыстарға түрлі практикалық
қатынасында белгіленген күнделікті бағдар рөлін атқарады.
2014 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
қызметкерлері жүргізген «Қазіргі мектеп оқушысының социологиялық
портреті» зерттеу нәтижесі бойынша, басты құндылық ретінде сауалнамаға
қатысқандардың 91% – денсаулықты, 5-8 сынып оқушыларының 83%, 9-11
сынып оқушыларының 78% – бақытты отбасын атаған; ал, 9-11 сыныптар
респонденттерінің 32% үшін – еркіндік, тәуелсіздік маңыздырақ. 50% және 45%
-
достықты, қарым-қатынасты, 32% және 37% – қайырымдылық, адамгершілікті
басты құндылық ретінде атады
(5-
8 және 9-11 сыныптар).
5-
8 сынып оқушыларының 30,5% – ана тілін басты құндылық деп
есептейді. Әдептілік, адалдықты 5-8 сынып респонденттерінің 29,5% атады.
Абырой, құрмет деп сауалнамаға қатысқан 9-11 сынып оқушыларының 30,7%
көрсетті. Балаларды қоғамдық танымалдылық аса көп толғандырмайды – 1,4%
және 2,2%, қоғамдағы орны, мансап, билік 2,7% және 13,0% [3].
Социологиялық зерттеулер нәтижелерінің талдауы көрсеткендей,
оқушылар басты құндылық ретінде өмір, денсаулық, отбасы, адамшылық,
намыс, құрмет және т.б. атаған.
Әрбір отбасында баланы әдетте, өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпын,
басқа мәдениеттер және этностарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Ешқандай халықта суицидке оң көзқарас болмағаны баршаға мәлім, оның
үстіне суицид жасаған адамды қоғам қатаң айыптайтынын атап көрсету қажет.
Оқушылар арасында суицидтің өсіп бара жатқанын мамандар былай
түсіндіреді: адамның моральдық азуы, оның мінез-құлқындағы тұрақсыздық,
қоршаған әлемге қатысты агрессиялығы, рухани-адамгершілік әлеуетінің
құлдырауы салдарынан ұлттық ерекшелікті, психологияны, ділді елемеу,
ұлттық-мәдени құндылықтар бастауынан алшақтады немесе космополитизм
мен жалған мәдениет формаларымен алмастырылды; жастардың бос уақыты
ұйымдастырылмаған, спорттық орталықтар жетіспейді, ойын-сауық немесе
қымбат орталықтар көбеюуі салдарынан жасөспірімдер жұмыссыз бос жүреді,
жаман қылыққа тез үйренеді, ішімдік ішеді, темекі тартады. Бала психикасы
үнемі дерлік мұндайды көтере алмайды, ол күйзеліс жағдайына душар болады.
Психологиялық әдебиеттер зерделеуі көрсеткендей, шынайы суицидтік
мінез-құлық жоспарланған іс-әрекетпен сипатталады. Жасөспірім суицидтік іс-
әрекет жасауға дайындалады, соңынан туысқандары мен достарына өз әрекетін
түсіндірген қоштасу хат қалдырады. Міне, осы кезде ата-ананың, мұғалімнің
және жақын адамның араласуы маңызды.
Бір кезде Америкада метрода өзін-өзі өлтірушілер саны күрт өсіп кетті, сол
кезде психологтар оның себебін анықтай бастады. Тақтайшадағы «Шығар жол
жоқ» жазуын жабығу күйде көрген адамның түйсігіне қалана береді және өз
өмірімен қоштасуына итермелейтін соңғы сәт болады екен. Сол себепті барлық
6
жерде «Шығар жол жоқ» жазуын «Шығар жол жаныңда» тақтайшасымен
алмастырған.
Жасөспірімдер өзін-өзі бағалауда өте тұрақсыз және бұл кезде олар үлкен
максималистер; олар өз қабілеті мен білімінен күдіктенеді, оларға мінез-
құлықтың жиі өзгеруі, алаңдаушылық тән. Бойларына лезде қорқыныш
ұялайды. Кей кездері отбасындағы немесе мектептегі аздаған жанжал баланы
жабығу күйге түсуге итермелеуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың суицидтік әрекетінің негізгі мотивтері: реніш,
жалғыздық сезімі, шеттетілу және түсінбеушілік сезімдерін басынан кешіру;
ата-ана мейірімінен шынайы немесе жанама айырылу, қызғаныш, жауапсыз
махаббат; жақындарының қайтыс болуы, ата-аналарының айрылысуы немесе
біреуінің отбасынан кетуі, отбасы мүшесінің ауыр науқасқа шалдығуы; кінә,
ұят, ар-намысының тапталуы, өзін-өзі кінәлі сезіну; қорлықтан шошу, кешірім
сұрауға ниетсіз болу; махаббаттағы сәтсіздік, жыныстық бейәрекетсіздік, жүкті
болу; кек алу, қарсылық көрсету, ашыну сезімдері, бопсалау және қорқыту;
өзіне көңіл аудару ниеті, аяушылықты тудыру, қиын оқиғалардан, жағымсыз
жағдайлардан қашу; жолдастарына, кітаптағы немесе фильм кейіпкерлеріне
еліктеу немесе оларға аяушылық таныту («Вертер әсері»), ҰБТ тапсырудағы
сәтсіздік және т.б.
А.Г. Амбрумова мен Е.М. Врононың пайымдауынша, суицидті мінез-
құлықты жеткіншектерге импульсивтілік; эмоционалды тұрақсыздық,
ашушаңдық; өте иланғыштық; өз бетімен шешім қабылдай алмау қасиеттері
тән [4].
В.Т. Кондрашенко суицидті мінез-құлықтың мінез түріне байланысын
көрсетті. В.Т. Кондрашенконың деректері бойынша, өзін өлтірген және өзіне
қол жұмсауға әрекеттенген жеткіншектердің 30%
Достарыңызбен бөлісу: |