Суицидального поведения детей методические рекомендации


Бастауыш  мектеп балалары



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата18.12.2021
өлшемі393,42 Kb.
#102767
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Суицид Әдістемелік

Бастауыш  мектеп балалары 

өлімді  сирек  кездесетін жайт деп  санайды, 

оны өзіне қатысы жоқ секілді, өмірді кері қайтара алатындай көреді. Жеткіншек 

шағына  жақындағанда  өлім  фактісі  мағыналы  бола  бастайды,  тірі  мен  өлі 

арасындағы  айырмашылық  түсінігі  қалыптасады.  10-12  жаста  өлім  уақытша 

көрініс ретінде бағаланады. Өлім мен өмір түсінігі бөлінеді, бірақ өлімге деген 

эмоционалдық қатынас өз тұлғасынан алыстатылады.  

Жеткіншектер үшін 

өлім нақты құбылыс болып көрінеді. Бірақ олар оны 

өзі үшін қатыссыз деп санайды, мәселен, мотоциклда құйғытып жүреді, қауіпті 

заттармен  эксперимент  өткізеді  немесе  басқа  да  қызықты,  бірақ  қауіпті 

белсенділік  танытады.  Одан  әрі  жеткіншек  өзінің  өлімі  туралы  ойды 

қабылдайды, пайда болған үрейді жеңе тұра, бұл мүмкіндіктің жүзеге асатынын 

қабылдамайды.  Балалар,  сонымен  қатар  жеткіншектер  де,  суицидке 

әрекеттенгенде  соңы  өлімге  апаратынын  ескермейді.  Ересектермен 

салыстырғанда,  оларда  шынайы  суицидтік  әрекет  пен  аутоагрессивті  (өзіне 

бағытталған  агрессия)  демонстративті-бопсалау  қылығы  арасында  шекараны 

ажырата алмайды.  

Өлімнен қорықпау – бала психологиясының бірден-бір ерекшелігі. Өмірлік 

тәжірибесінің  болмауынан,  көп  жағдайлардан  хабарсыз  болуы  салдарынан 

балалар таңдау жасауда қиналады. Пайымсыздық, өзін өлтіру жолдары туралы 

білімнің  жоқтығы,  өзіне  ықпал  ету  түрлеріне  қарамастан  өліп  қалу  қаупін 

күшейтеді. Сонымен қатар, жас ерекшеліктердің әсері де қауіпті ұлғайтады.  

Суицид  қауіпті  жанжалды  жағдайларды  талдау  барысында  бала  немесе 

жеткіншектердің  өмірмен  қоштасу  себептерінің  мағынасыз  әрі  қисынсыз 

екендігін түсінеміз.  

Шамалы  ғана  жанжалды  жағдайдың  ушығуы  салдарынан  балаға,  әсіресе, 

жеткіншекке  суицидтік  қауіп  төнуі  мүмкін,  өкінішке  орай  бұл  кей  кезде 

ересектер тарапынан дер кезінде жете бағаланбай қалады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



10 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет