шизоидтік
мінез-құлықты
болған. Автордың пікірінше,
психоастеник жасаған іс-әрекет
сенситивті
жеткіншектердің әрекеттері сияқты алдын-ала жоспарланып, қоршаған
ортадағы көрермендер үшін тосыннан болады. Көбіне
истероидті типтегі
жеткіншектер үшін тамырларын жеңіл ғана кесу, уыты аз дәрілермен улану тән.
Олар әдетте өлер алдында орны мен уақыты көрсетілген, тірі қалуға келісетін
шарттары туралы хабардар ететін хат жазып қалдырады.
Гипертимді
жеткіншектерге
өзіне қол жұмсау мінез-құлқы тән емес [5].
Өзіне-өзі қол жұмсайтын әр жастағы балалардың мінез-құлқының
ерекшеліктерін толығырақ талдаймыз.
Егер жеткіншек шынымен де өзін өлтіруді ойластырса, оны бірнеше
ерекшеліктен немесе белгілерден байқауға болады, оларды 3 топқа бөлуге
болады: сөздік, мінез-құлықтық, жағдаяттық.
Сөздік белгілер (ерекшеліктер)
Өзіне қол жұмсағысы келген жеткіншек өзінің жан дүниесінің жағдайы
туралы, өлім туралы тікелей айтады: «Мен өзімді өлтіргім келеді», «Мен бұлай
өмір сүре алмаймын»; өзінің ниетін меңзейді: «Мен енді ешкімге кедергі
болмаймын», «Сен енді маған алаңдамайсың»; өзін өлтіру тақырыбына көп
әзілдейді; өлім мәселесіне қатысты жағымсыз қызығушылық танытады.
Мінез-құлықтық белгілер (ерекшеліктер)
7
Жеткіншек өзіндегі қымбат заттарды тарата бастайды; өзінің істерін ретке
келтіреді, осыған дейін ренжіскен адамдармен татуласады; өзінің мінез-
құлқының түбегейлі өзгергенін көрсетеді, тамақты өте аз немесе өте көп ішеді;
өте аз немесе шамадан тыс көп ұйықтайды; сырт бейнесінде ұқыпсыздық
байқалады; мектептегі әдеттерінде сабаққа бармау, үй тапсырмасын орындамау,
сыныптастарымен қатынаспау, ашушаңдық, тұйық болу, көңіл күйінің болмауы
байқалады; айналасындағыларға белсенділік немесе бейжайлық таныту; бірде
эйфорияда, кейде үмітсіздік күйде болу; шарасыздық, үмітсіздік пен ашыну
белгілерін байқатады.
Жағдаяттық белгілер (ерекшеліктер)
Бала өзін қоғамнан аластатылғандай, шеттетілгендей сезінген; қоршаған
ортасы тұрақсыз болғанда (отбасындағы дағдарыс; маскүнемдік; отбасылық
немесе жеке өзінің проблемалары); өзін физикалық, сексуалдық немесе
эмоционалдық зорлықтың құрбаны ретінде сезінсе; бұрын суицидке
әрекеттенсе; суицидке бейімділік өз достарының, таныстары немесе отбасы
мүшелерінің бірі өзіне қол жұмсаған актілердің немесе ғаламтордағы кері
ақпараттың әсерінен болса; жақындарынан айырылу (жақындарының өлімі, ата-
аналарының айрылысуы); өзін көп сынаған жағдайда суицид жасауға шешім
қабылдайды. Суицидтік жеткіншектер иланғыштығымен және біреуге
еліктеушілігімен сипатталады. Сондықтан да, қандай да бір өзіне қол жұмсау
жағдайы орын алғанда, ол жағдай басқалардың әрекетіне белгі сияқты әсер
беріп, суицидке бейім жасөспірімге түрткі болуы мүмкін. Кейде кіші топтар
өзін өлтіру субмәдениетін құру мақсатында бірігеді («жеткіншектер арасында
өзін өлтіру эпидемиясы»). Осындай жағдайлар Қазақстанда орын алған.
Суицид бойынша «тәуекел тобына» жататын жеткіншектер
:
тұлғааралық
қатынасы бұзылған, жалғыздыққа тап болғандар; девиантты немесе қылмысты
мінез-құлқымен ерекшеленетін, зорлық-зомбылыққа жақын маскүнем немесе
нашақорлар; өзін шектен тыс сынға алушы жасөспірімдер; қайғылы жағдайға
душар болған немесе жәбір көрген, созылмалы немесе қауіпті аурулармен
ауыратын науқастар; науқасы бар немесе айналасы шеттететін жеткіншектер;
әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан – отбасынан кету немесе ата-
аналарының ажырасуы; отбасында суицид жағдайлары болған отбасынан
шыққандар.
Жеткіншектердің суицидтік мінез-құлқының ерекшеліктері:
1.
Балалар өздерін өлтіргісі келген ниеттерін түсіндірген (ересектердің
пікірінше) мотивтері байыпсыз, өткінші және маңызсыз. Сол себептен де,
балалар мен жеткіншектердің арасында жиі кездесетін, күтпеген уақытта орын
алатын суицидтік тенденция айналасындағылардың дер кезінде анықтай алмау
қиындығымен сипатталады.
2.
Суицидтік әрекет салдарын жете түсінбеу. Бұл жаста «өлім» түсінігі
жалпылай қабылданып, өлімді уақытша, ұйқы тәріздес құбылыс деп таниды,
және оны өз тұлғасына қатысты емес деп ойлайды. «Өлім» деген түсінік 2-3
жаста пайда бола бастайды. Көпшілігі оны ерекше қорқынышты оқиға ретінде
қабылдамайды.
3.
Балалар мен жеткіншектердің үйден қашу, мектептен жиі қалу, ерте
8
шылым шегу, ұсақ құқық бұзушылықтар, ата-аналарымен тіл табыса алмау,
ішімдікке не есірткіге салыну, жыныстық қатынастарға ерте түсуі, т.б. сияқты
теріс қылықтары мен суицидке бейімділігі арасында өзара байланыс болады.
Ересектерге қарағанда, балаларда жабығуға ұшырау жағдайы қиын өтеді.
Жеткіншектердің күйзеліске ұшырау белгілері: мұңды көңіл күй; зерігу сезімі;
шаршау сезімі; ұйқының бұзылуы; соматикалық шағымдар; істі аяғына дейін
жеткізе алмай, алаңдау; майда-шүйдеге көңіл аудару; шектен тыс сезімталдық;
тұйық болу; зейіннің шашыраңқылығы; агрессивті бұйыру; әдейі құлақ аспау;
ұрыс-керіске бейімділік; ішімдік немесе есірткіні қолдану; үлгерімінің төмен
болуы; сабаққа бармау.
Балалық және жеткіншектік шақтағы өзіне қол жұмсаудың келесі
себептері:
1.
Өлім туралы түсінігінің дұрыс қалыптаспауы. Бала түсінігінде өлім –
өмірдің тоқтауын білдірмейді. Бала бәрі орнына келеді деп ойлайды.
Жеткіншектерде өлім түсінігі тек 18 жастан кейін ғана қалыптасады.
2.
«Отансыз және байрақсыз» қоғамда жеткіншек өзінің қажетсіздігін,
шарасыздығын сезінеді.
3.
Соңы өкінішке соқтыратын ерте басталған жыныстық қатынас. «Әрі
қарай қалай өмір сүру керек» екенін білмейтін (сүйіктісін жоғалтқан, ерте
жүктілік болғанда және т.б.) жеткіншектің мақсаты жойылады. Жасөспірімнің
суицидтік мінез-құлқы өмірлік мақсатының белгісіздігімен және оны қалай
жүзеге асыруын білмегендігімен, өмірлік тәжірибесінің болмау себебімен
түсіндіріледі.
4.
Өзін-өзі жою мінез-құлқы (маскүнемдік, нашақорлық, қоғамдағы
қылмыстар).
5.
Көп жағдайда 15 жасқа дейін өзіне қол жұмсау әрекеті, әсіресе, отбасы
ішінде, мектеп немесе топ ішіндегі қатынастардың бұзылуынан туындайтын
наразылықпен байланысты.
6.
Жабығу.
7.
Өзін өлтірудің психологиялық себептерінен басқа әлеуметтік себептері
де қосылды: кедей мен байға бөліну, ажырасу мен толық емес отбасылардың
көбеюі, ата-аналары тірі бола тұрып, қараусыз және қаңғыбас балалардың
санының көбеюі.
8.
Әлеуметтік қорғалмау. Осы мәселелердің бәрі балаларға әсер етеді.
Әрине, әр өзіне суицидтік әрекеттің өз себептері бар. Дегенмен, барлығы
бір себепке тоғысады: бала өз бетімен туындаған қиындықты шеше алмайды, ал
жан дүниесін түсінетін ересектер жанынан табылмайды. Сонда, тығырықтан
шығар жол – өлу болып көрінеді.
Жеткіншек шақта болатын психологиялық және физиологиялық
ерекшеліктер мен өзгерістер баланың өлім туралы түсінігінің қалыптасуына
ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |