Өмір сүру процестеріндегі судың ролі
. Клеткаларда су мөлшері 65-80% болады.
Протоплазмада əр ақуыз молекуласына 1800 су молекуласы келеді. Судың бір бөлігі
клеткалар арасындағы кеңістікте болады, бұл клеткадан тыс су, ал екінші бөлігі клетканың
өзінде болады. Өз кезегінде клеткадағы су бос жəне макромолекула бетімен байланысқан
күйде бола алады.
Биологиялық жүйелерде байланысқан деп биополимер молекулаларының бетімен
мықты байланысқан суды айтады. ДНҚ-ның əр граммы қалыңдығы 0,3 нм қалыңтықта
гидратты қабықша құрайтын 0,45 г сумен байланысады. 1 г№ жұмыртқа альбумині 0,25 нм
қалыңдықта гидратты қабықша құрайтын 0,25 г сумен байланысады. Микроағзаларда 15-18
% байланысқан су анықталған. Құрамында макромолекула болғандықтан байланысқан су
кəдімгі судан ерекше. Оны еріткіш ретінде қолдануға болмайды. Себебі ол -70
0
С
температурада да қатпайды. Байланысқан судың электр өтімділігі төмен. Термодинамикалық
жағынан ол мұздан ерекшеленбейді. Байланысқан суды орта емес, құрылымдық элемент
ретінде қарастыру керек.
Клеткадағы судың көп бөлігін заттардың еріткіші мен реакциялық ортасы болатын
бос су құрайды. Гидролитикалық ферменттердің қатысуымен ол нəтижесінде өзгеше
қасиеттерге ие жаңа заттар құралатын көп реакцияларға қатысады. Осылайша, су тек
биохимиялық процестер жүретін орта болып қоймай, заттардың белсеңді қайта құраушысы
болады. Осы маңызды функцияларды ол аз молекулалық массасы мен құрылымдық
ерекшелігіне байланысты атқарады. Су молекулалары өзара тартылысып басқа заттардың
аниондар мен катиондарға ыдырауын тудыратын , сонысымен реакциондық қабілетке ие
болатын дипольді құрайды. Су молекуласында оттегінің алты электронының екеуі сутегі
молекулалрының электрондарымен байланысады да, төртеуі бос қалғандықтан сутек
байланысына қатысады. Ақуыз молекуласындағы кейбір атомдар топтары суды сутек
байланысы арқылы байланыстырады.
Клетка биомассасының түрлі физикалық қасиеттерін зерттеу кезінде биомассаның
20%-дан жоғары ылғалдылығында су клетканы толығымен толтырады да, үздіксіз орта
ретінде функция атқаратындығы анықтады. Бұл жағдайда клеткада барлық ферментативті
процестер еркін жүреді. Егер биомассаның ылғалдылығы 10-20% болса, онда су
байланысқан күйде болады. Клеткалық коллоидтар бұл жағдайда гельге ауысады да
ферментативті процестердің жүруі қиынға түседі. Егер биомасса ылғалдылығы 5-10% болса,
оның физикалық қасиеттері күрт өзгереді, бірақ зат алмасу жүре алады. 5% ылғалдылықтан
төмен жағдайда клетканың бөлігі бұзылып, белсеңділігі жоғалады. Сонымне қатар, құрғақ
күйде клеткалардың өмір сүру қабілеттігі көп сақталады, себебі су аз болғандықтан барлық
реакциялар баяу жүреді. Клеткадағы барлық белеңді процестердің баяулатылып немесе
тоқтатылған жағдайын анабиоз деп атайды.
Анабиоз клеткалар мұздатылғанда, клетка ішіндегі бос су мұзға айналған кезде
басталады. Бұл жағдайда физиологиялық процестер максималды баяулатылып немесе
тоқтатылады. Себебі биохимиялық реакциялар мұздың қатты фазасында молекулалардың
еркін қозғалысы болмағандықтан жүрмейді. Микроағзалардың сусыздандырылған немесе
мұздатылған клеткалары температура, радиация сияқты факторлардың əсеріне төзімдірек.
Достарыңызбен бөлісу: |