Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі


Ақуыздың  аминоқышқылдық  құрамы.  Қ



Pdf көрінісі
бет23/66
Дата25.12.2021
өлшемі1,69 Mb.
#104931
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Ақуыздың  аминоқышқылдық  құрамы.  Қ

ышқыл  жəне  сілті  ерітінділеріндегі 

ақуыздар  гидролизінің  өнімі  –  аминоқышқылдар  екендігі  белгілі.  Аминоқышқылдар  -  өз 

кезегінде  ақуыздардың  құрылымдық  бөлігі.  Қазіргі  кезде  бірнеше  жүздеген  ақуыздардың 

аминоқышқылдарының  сапалық  жəне  сандық  құрамы  анықталған.  Ақуыз  гидролизі 



16 

 

нəтижесінде  алынған  аминоқышқыл  қоспаларын  фракциялауда  ионалмасу  хроматография 



əдісі қолданылады. 


17 

 

Ақуыздарда табылған аминоқышқылдарды екі топқа бөледі: ақуызда үнемі кездесетін 



жəне сирек (кейде) кездесетін. Ақуызда үнемі кездесетін 18 аминоқышқылдары жəне 2 амид: 

аспарагин  қышқылы  амиді  жəне  глутамин  қышқылы  амиді.  Барлық  ақуыз  

аминоқышқылдары  (глициннен  басқа)  оптикалық  белсенділік  танытады  жəне  L  –  қатарына 

жатады.  Сирек  кездесетін  аминоқышқылдарға:  оксипролин  (оксипирролидин-2-карбон 

қышқылы),  орнитин  (α,δ-диаминовалериан  қышқылы),  селеноцистеин  (α-аминоизомай 

қышқылы) жатады. 

Аминоқышқылдардың маңызды химиялық қасиеті  – молекулада міндетті түрде амин 

жəне  корбоксил  тобының  қатысуымен  пептидтерді  түзу  қабілеттілігі.  Аминоқышқылдық 

поликонденсация  реакцияларының  нəтижесінде  өте  үлкен  молекулалық  массаға  ие 

қосылыстар  алуға  болады.  Ондай  қосылыстарды  полипептидтер  деп  атайды,  Оларда  –CO- 

NH- пептидтік тобы бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет