Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі


Ақуыздың  жеке  топтарының  классификациясы  жəне  қысқаша  сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата25.12.2021
өлшемі1,69 Mb.
#104931
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Ақуыздың  жеке  топтарының  классификациясы  жəне  қысқаша  сипаттамасы. 

Ақуыз  классификацисы  əртүрлі  белгілеріне  қарай  жүргізіледі.  Ақуыз  молекуласының 

құрамының күрделілігіне қарай жай жəне күрделі  деп екіге бөледі. Жай ақуыздар гидролиз 

кезінде  тек  қана  аминоқышқылдар  береді.  Күрделі  ақуыздар  гидролиз  кезінде 

аминоқышқылдармен қатар басқада химиялық копоненттер береді. Ақуыздарды еріткіштерге 

қатысты екіге бөледі: альбуминдер жəне глобулиндер. Альбуминдерге суда жəне концентрлі 

тұз  ерітінділерінде,  мысалы,  50%  аммоний  сулфаты  ерітіндісінде  жақсы  еритін  ақуыздар 

жатады.  Альбуминдер  аммоний  сульфаты  ерітіндісімен  толық  қаныққанда  тұнбаға  түседі. 

Глобулиндерге суда жəне концентрлі тұз ерітінділерінде нашар еритін ақуыздар жатады. 

Жартылай қаныққан аммоний сульфаты ерітіндісінде толық тұнбаға түсу глобулиндерге тəн 

белгі. Атқаратын қызметіне қарай ақуыздарды мынадай топтарға жіктейді: 1.каталитикалық 

белсенді ақуыздар, 2. ақуыздар-гармондар, 3. реттеуші ақуыздар, 4. тасымалдаушы ақуыздар

5.

 

құрылымдық  ақуыздар,  6.  қорғаушы  ақуыздар,  7.  қысқартушы  ақуыздар,  8.  рецепторлық 



ақуыздар, 9. фермент ингибитор ақуыздары, 10. вирус қабықшаларының ақуыздары. 

Күрделі  ақуыздарды  жіктеуде  топтарды  протеиннің  негізгі  құрам  бөлігі  болып 

табылатын  ақуыздық  емес  компоненттің  табиғатына  қарай  топшаларға  бөледі.  Күрделі 

ақуыздардың  топшалары:  металлопротеиндер,  фосфопротеиндер,  гликопротеиндер, 

хромопротеиндер, липопротеиндер, нуклеопротеиндер. 

Металлопротеиндер - құрамында ақуыздық емес топ ретінде металл иондары (Fe 3+, Cu 

2+, Mg 2+) болатын күрделі ақуыздар. 

Фосфопротеиндер  -  құрамында  ақуыздық  емес  топ  ретінде  фосфор  қышқылының 

қалдықтары  болатын  күрделі  ақуыздар.  Фосфопротеиндердің  типтік  өкілі  –  казеин  -  сүт 

ақуызы. 


Гликопротеиндер  -  құрамында  ақуыздық  емес  топ  ретінде  жоғары  молекулалы 

көмірсулар болатын күрделі ақуыздар. 

Хромопротеиндер  –  жай  ақуыз  жəне  боялған  ақуыздық  емес  топтан  тұратын  күрделі 

ақуыздар.  Хромопротеиндер  молекуласында  ақуыздық  емес  топ  ретінде  Mg  2+  ионымен 

хлорофилл  түзетін  –  порфириндер  болады.  Порфириндер  темірмен  бірге  гемоглобин  мен 

тынысалу ферменттерінің түзілуіне негіз болады. 

Липопротеиндер  -  құрамында  ақуыздық  емес  топ  ретінде  липидтер  болатын  күрделі 

ақуыздар.  Липидтердің  маңызды  топтарына:  триглицерид  (майлар)  жəне  фосфатид,  яғни 

фосфор  қышқылының  қалдығы  бар  глицериннің  күрделі  эфирлері  мен  жоғары  май 

қышқылдары жатады. 

Нуклеопротеиндер  –  жай  ақуызбен  байланысқан  нуклеин  қышқылдарынан  (ядро  мен 

рибосома компоненттері) тұратын күрделі ақуыздар. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет